Untitled Document

Мәлімет... Жаздың аптап ыстығында

* Жазда тек таза, табиғи матадан тігілген киім киіңіз. Синтетика қосылмаған киім теріңізге оң әсер беріп, ағзаңызды күюден сақтайды.

* Әрқашан да сусын алып жүріңіз. Сусын тым суық болмасын.

* Күн көзінде көп уақыт қалып қоймаңыз.

* Міндетті түрде күннен сақтайтын қалпақ киіңіз.

* Жаз мезгілінде ауа температурасы 12.00 және 16.00 аралығында ең жоғары деңгейге барады. Сондықтан бұл аралықта серуендеуден бас тартыңыз. Егер шаруаңыз шығып қалып, осы аралықта күн көзінде қалып қойсаңыз үстіңізге күн тимейтіндей киім кигеніңіз жөн.

* Ыстықта тез бұзылатын тағам түрлерін сатып алмаңыз. Себебі жоғары температурада бактерияы өте жылдам көбейеді де, астың бұзылуына әкеп соғады.

* Қыз балалар опа-далапты аз қолданғаны жөн. Химиялық заттардың жоғары температурада бұзылу қаупі екі еселенеді.

* Ауа температурасы 25 градус С-ден жоғары болса спортпен белсенді түрде шұғылдануға болмайды.

* Бір қызығы, күн ысып тұрған кезде адам эмоциясына күш алдырмауы тиіс екен. Себебі эмоция адам ағзасын әлсіз етіп, денсаулық төзімін жоғалтады.

* Жаз мезгілінде кеңсе жұмысшылары желдеткіштен қатты қатты зардап шегеді екен. Сол себепті кондиционерге жақын отырмағаныңыз абзал.

Ыстықта не жеу керек?

Бұл кезеңде көп жағдайда көкөніс пен жеміс-жидек жеу керек. Түрлі салаттар, салқын көже пайдалы. Адам ағзасының температурасын қияр, қарбыз, қауын, ащы және қышқыл жемістер төмендете алады. Ал өте майлы, тұзды тағамнан бас тартыңыз. Жалпы алғанда жаз мезгілінде аз тамақ ішіп, ағзаны бұл үрдіске үйретіп алыңыз.

Жаз мезгілінде қандай сусын ішу керек?

Аптап ыстықта адам ағзасында су теңдігі бұзылады, анығында ағзада су мөлшері азайып кетеді.