Untitled Document

Денсаулық... Пластикалық ыдыстардағы қауіп

Мамандар пластикалық бұйымдарды тіршілігімізден бір жола шығара алмағанмен, болымсыз әсерлерін азайту үшін мына қарапайым кеңестерге құлақ түруге шақырады:

♦ Пластикалық ыдыстарды тоңазытқышқа қоймаңыз. Микротолқынды пешке, ыдыс жуатын машинаға салмаңыз.

♦ Көлікте немесе күн астында қалып қойған пластикалық шөлмектегі суды тұтынбаңыз. 

♦ Үйде тұтынуға алынған пластикалық ыдыстағы суды дереу шыны ыдысқа ауыстырған жөн.

♦ Аяғы ауыр әйелдердің пластикалық ыдыстарға мүлдем жоламағаны абзал.

♦ Сәбиге сүт беру үшін шыны бөтелке қолданыңыз.

♦ Ыстық шай немесе кофе үшін пластикалық стакан емес, қағаз стакан қолданған жөн.

♦ Пластикалық ыдыстарды мұздатпау керек. Мұздатқан жағдайда пластик құрамындағы диоксин бөлініп шығады. Диоксин әсіресе кеуде қатерлі ісігіне жол ашатындығы мәлім.

♦ Ас үйдегі пластикалық ыдыстарды барынша шыны ыдысқа ауыстырыңыз.

♦ Ойыншықтардан мейлінше қорғасынсыз бояу қолданылған және ағаштан жасалған ойыншықтарды таңдаған жөн.

♦ Пластикалық ыдыстардың төменгі жағында үшбұрыш ішінде, 1-ден 7-ге дейінгі сандармен белгіленеді. 3,6 және 7 сандарымен белгіленгендері аса зиянды болып келеді. Сондықтан мүмкіндігінше 1, 2, 4, 5 сандарымен белгіленген және бисфенолсыз (BPA free) деп таңбаланған пластиктерді қолданған жөн.