Untitled Document

Сұхбат... Ең жаман нәрселер

Сұрақ: Ең жаман нәрселерге нелер жатады?

Жауап: Жаман болған нәрселер көп, бірақ кейбірлер одан да жаман. Хадис шәрифте айтылған бірнешеуі төменде:

«Адамдардың ең жаманы – зиянынан құтылу үшін қасына ешкім жақындамайтын адам». (Бұхари)

«Адамдардың ең жаманы – өмірі ұзын, амалы жаман болған кісі». (Тирмизи)

«Адамдардың ең жаманы – екі жүзді болған кісі». (Бұхари)

«Адамдардың ең жаманы – тез ашуланатын, кеш басылатын кісі». (Тирмизи)

«Адамдардың ең жаманы – адамдарға зиян тигізетін, оларды ренжітетін кісі». (И.Ахлақы)

«Адамдардың ең жаманы – жаман ғалымдар». (Бәззар)

«Адамдардың ең жаманы – мүмкіндігі бар бола тұра бала-шағасының ризығын қысқан кісі». (Табарани)

«Ақымақтықтың ең жаманы – мұсылмандықты тастап, басқа дінге ауып кету». (Дәйләми)

«Амалдардың ең жаманы – бидғат». (Бұхари, Мүслим, Нәсаи)

«Жаратылыстардың ең жаманы – бидғатшылар». (Әбу Нуайм)

«Ең жаман ауру – сараңдық». (Дара Құтни)

«Ең жаман тамақ – байлар шақырылған, ал кедейлер шақырылмаған ас». (Бұхари)

«Ең жаман ұры – намазынан ұрлаған кісі. Ол руку мен сәждеден ұрлайды». (Табарани)

«Ең жаман өкіну – қиямет күніндегі өкіну». (Бәйһақи)

«Ең жаман қарт – ғапілдік пен нәпіске еруде жастарға ұқсауға тырысқан кісі». (Табарани)

«Ең жаман қасиет – сараңдық және аса қорқақтық». (Бұхари)