Сұхбат... Ауырған кезде
Сұрақ: Бір танысым үнемі жалғаннан ауру болып көрініп жүреді. Бұл дұрыс па?
Жауап: Жалғаннан ауырып қалғандай болып көріну дұрыс емес. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Ауру болып көрінбеңдер – шынымен ауру боласыңдар». (Дәйләми)
Сұрақ: Кейбір адамдар кездескен адамдарының бәріне аурып жатқанын айта береді. Ауруды жасыру қажет емес пе?
Жауап: Ауруды жасыра білу, ешкімге айтпау – ниғмет. Хадис шәрифте айтылған:
«Үш нәрсе жақсылық қазынасы: Ауруды, қиыншылықты, садақаны жасыру. Аллаһу та'ала айтады: "Мүмин ауырған кезде көңілін сұрап келгендерге менен шағымданбаса, етінің орнына жақсырақ ет, қанының орнына да жақсырақ қан беріп жақсартамын, күнәларын да кешіремін, өлсе мейіріміме қауышады"» (Табарани)
Барлық ауруларды ниғмет біліп, бұдан ғибрат алу керек! Хадис шәрифте былай делінеді:
«Мүмин ауырып, жазылған кезінде, ауруы күнәларының кафараты (өтемі) және келешігі үшін сабақ болады. Мұнафиқ болса, ауырып жазылған кезінде, байланып, кейін босатып жіберген түйе сияқты тұрады. Не себеппен байланғанын және не үшін босатылғанын білмейді». (Табарани)
Аурулар түрлі себептерден пайда болады, дегенмен жалпы көп ішіп-жеуден туындайды. «Әр аурудың басы – қарынды қатты толтыру» хадис шәрифі мұны айқын білдіріп тұр. (Ибн Сүнни)