Сұхбат Жетістіктің себебі
Тарих бойы мұсылмандардың жетістікті болуының себептері зерттелетін болса, бұның дінге мойынсұнғандықтан екені белгілі болады. Діннен ұзақтай бастауымен құлдырау да басталған. Жетістікке жетудің дәрежесі, дінімізге мойынсұнудың дәрежесіне байланысты. Яғни кім дінге қаншалықты дәрежеде мойынсұнатын болса, соншалықты табысты болады. Өйткені дінімізде қай істің қалай жасалынатыны білдірілген. Бұларды кемшіліксіз атқарған адамның жетістігі соған қарай көп болады. Жетістіктері өрлеп тұрған кезеңдердегі мұсылмандардың кейбір ерекшеліктері мынандай болған:
1) Олар дінді-дінсіз барлық адамдарға мейірімділік жасайтын. Әрине Аллаһ үшін жаман көру керек болған жағдайлар бұның тысында. Дінге дұшпандық ететін адамдар болса, оларға қатал болатын. Аллаһу та’ала Құран кәрімде сахабаларын мадақтағанда былай деген: «Олар бір-бірлерін өте қатты жақсы көреді, бір-біріне мейірімді, бірақ Аллаһ дұшпандарына өте қатал еді».
2) Бір дене сияқты еді. Денеде бас та, қол да, аяқ та болады. Бір мүшенің ауруы бүкіл денеге әсер етеді. Жетістік дененің сау болуына байланысты.
3) Бір жүрек сияқты еді. Бәрінің сенімі, қуанышы, қыйғысы бірдей еді.
4) Көздеген мақсаттары, ниеттері бір еді. Яғни Аллаһу та’аланың разылығы еді.
5) Әмірге мойынсұнатын, бүлік шығармайтын.
6) Бір адам болса да отта жанудан құтылсын деп күні-түні ықыласпен еңбек ететін.
7) Дінге мойынсұнуға өте қатты мән беретін еді.
8)«Біз сондай өмір сүрейік, біздің кесірімізден ешкім жаһаннамға түспесін, Аллаһтың құлдары бізге дұға етсін, бетдұға етпесін» деп айтатын.
9) Өтірік, ғайбат және өсек айтпайтын. Бір-бірлеріне дұға ететін еді. Біреудің сыртынан айтылған дұғанын қабыл болатынын білетін еді.
10) Жақсылық жасауға, дұға, бата алуға көп көңіл бөлетін.