Әдеп-ахлақ... Кейбір жаман әдеттер
- Біреудің жанында жасырын түрде сөйлесу, сыбырласу.
- Айтып жатқан адамның сөзін соңына дейін тыңдамау.
- Айтылып жатқан нәрсені ұнатпайтынын білдіру.
- Біреудің затын рұқсатсыз қолдану.
- Адамды кемшілігін айтып мазақтау.
- Берген уәдесін орындамау.
- Жасырын түрде біреудің сөзін тыңдау.
- Айтылып жатқан сөзді білетінін көрсету.
- Жасаған жаман істерін мақтанып айту.
- Тамақ жеген кезде тамақтың жақсы жерлерін таңдап жеу.
- Алған қарызын уақытылы қайтармау.
- Әдепсіз, жаргон сөздермен сөйлеу.
- Сөйлеп жатқан адамның сөзін бөлу.
- Өзі туралы көп айту.
- Өзгелердің мазасын алу.
- Өзін басқаларға күттіруден ұялмау.
- Әрдайым өзінікін дұрыс деп ойлау.
- Ең жақсы жерді таңдап отыру.
- Адамдарға қабақ түйіп қарау.
- Жоғары дауыспен сөйлеу.
- Тәкаппар болу.
- Біреудің сырларын айту.
- Кемшіліктерін бетіне айту.
- Адамдардан жиі-жиі қарыз сұрау.
- Адамдардың жасырын нәрселерін қазбалау.
- Қырсығып сөз таласу.
Көп ант етіп сөйлеу.