Денсаулық... Тіс күтімі
1.Тістеріңізді дұрыс тазалаңыз. Тісті күніне кемінде 2 рет, таңертең және кешке ұйықтар алдында тазалау керек. Егер сіз ас ішер алдында тазалағыңыз келсе, онда 15 минут бұрын іске кірісіңіз. Өйткені тіс пастасының дәмі тағаммен араласып кетеді. Содан кейін аузыңызды сумен шайыңыз. Суға жарты шай қасық сода қосуға болады.
2.Тіс жібін қолданыңыз. Тіс жіптерінің хош иісті, фтормен қапталған, жалпақ деген секілді бірнеше түрі бар. Өзіңізге қайсысы ұнайды, соны таңдаңыз. Алдын ала тіс дәрігерімен ақылдасып алсаңыз да болады.
3.Тіс щеткасын дұрыс таңдау керек. Тіс щеткасында жасанды қылшық талшықтары болуы керек. Тіс щеткасы басының ұзындығы шамамен 2-2.5 тіске тең болуы керек. Қылшықтардың қаттылығын тіс дәрігері таңдайды. Егер сізге таңдау қиынға соқса, орташа қатты щетканы алған дұрыс.
4.Тіс пастасын дұрыс таңдаған жөн. Тіс пасталарының саны өте көп және әрқайсысының өзіндік қызметі бар. Профилактикалық, құрамында емдік қоспалары бар, ағартқыш т.б. секілді түрлері бар. Сізге қайсысы қажет екенін тек тіс дәрігері айта алады. Алайда ешқандай паста тісіңіздегі тастар мен вирустарды жоя алмайды. Ол үшін стамотологқа кәсіби тазалатқан абзал.
5.Тістерді тазалау уақыты. Тістерді тазалаудың орташа уақыты – 2-3 минут. Тіске щетканы қатты батырмау керек. Жеңіл ғана қызыл иектен бастап тіске дейін жүру керек. Щетканы да тістердің орналасуына төмен-жоғары қозғалту керек.
6.Ауыз қуысының жұмсақ тіндерін тазарту. Біз тісті тазалағанымызбен, ауыз қуысына толық мән бере бермейміз. Сол үшін тілді де, қызыл иекті де тазалау керегін еске саламыз. Щетканың артқы жағында жұмсақ тіндерді тазартатын қосымша бөлігі бар, соны қолдану керек. Егер тілде ақ дақтар пайда болса, тіс дәрігерінен кеңес сұрағаныңыз жөн.
7.Ауыз шайғыштарды қолдану. Мұның да түр-түрі бар. Дәрігердің кеңесімен ауыз қуысыңызға сәйкес келетінін таңдау керек.