Untitled Document

Сұхбат... Баланың міндеті

Аллаһу та’ала Құран кәрімде өзіне ғибадат етуді әмір етті. Өзіне ғибадаттан кейін атан-анасына мойынсұну керектігін білдірді. Адам болмысының негізгі себебі Аллаһу та’аланың жаратуы, ал көріністегі себебі ата-ана. Баланың ата-анасына деген міндеттерінің кейбірлері мыналар:

1) Олардың азық-түліктерін қамтамасыз ету.

2) Киетін киімдерін қамтамасыз ету.

3) Көмек керек болса, оларға көмектесу.

4) Шақырған кезде дереу алдарына бару.

5) Күнә емес әмірлерін орындау.

6) Олардың аттарын атап шақырмау.

7) Олармен бірге жүрген кезде алдарына түспеу, арттарында жүру.

8) Өзі үшін қалаған нәрсесін олар үшін де қалау, қаламаған нәрсесін олар үшін де қаламау. 

9) Өзің үшін дұға еткен кезде олар үшін де ғафу сұрап тілеу керек. 

10) Олармен сөйлескен кезде жұмсақ мәміледе сөйлесу. Бақырып, көңілдеріне тиетіндей сөйлемеу. 

Бір аят каримада: «Сақ болыңдар, оларға уф деп те айтпаңдар!» деп бұйырылды.    

Ата-ана қайтыс болғаннан кейін:

1) Туыстарымен араласып, хабар алып тұруды тоқтатпау.

2) Оларға дұға ету.

3) Әкенің достарынан байланысын үзбеу.

Құрметті оқырман!

Күнтізбе беттерінде Құран кәрім аяттары, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалардың есімдері мен тәбәрік атаулар бар болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауыңызды өтінеміз.