Untitled Document

Сұхбат... Әһли бәйт

Сүйікті пайғамбарымыздың барлық жанұя мүшелерін «әһли бәйт» деп атайды. Мүбәрәк жұбайлары, қызы хазреті Фатима мен оның күйеуі хазреті Әли және олардың мүбәрәк балалары Хасан мен Хусейн (радиаллаһу анһума) және олардың да балаларының барлығы, сондай-ақ пайғамбарымыздың таза тегіне тән болған Хашимұлдары әһли бәйт болып саналады.

Аллаһу та’ала Құран Кәрімде әһли бәйт туралы былай дейді: «Аллаһу та’ала сендерден барлық кемшілік пен кірлерді кетіргісі келеді және сендерді толық таза етіп тазалағысы келеді» («Ахзаб» сүресі, 33).

Сахабалар «Йа Расулаллаһ! Әһли бәйт кімдер?» деп сұрады. Сол кезде Имам Әли келді. Расулуллаһ оны шапанының астына алды. Кезекпен Фатима-туз-зәхра, Имам Хасан және Имам Хусейн келді. Бұлардың әр қайсысын жанына алып, «Міне, бұлар менің әһли бәйтім» деді. Бұл адамдар Ал-и Аба және Ал-и Расул деп те аталады.

Әһли бәйти нәбәуиді жақсы көру ахиретке иманмен кетуге, соңғы демде саламатқа қауышуға  себеп болады. Әһли бәйтті жақсы көру – барлық мүмінге парыз. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір хадис шәрифінде: «Әһли бәйтім Нұх алейһиссаламның кемесі сияқты. Оларға бағынғандар амандыққа қауышады. Қалғандары құриды» деген.

Әһли бәйти нәбәуидің ізгілігі мен кемелдігі өте көп. Санап тауысу мүмкін емес. Оларды айтып жеткізуге, мадақтауға адамның күші жетпейді. Олардың құндылығы мен ұлылықтары тек аяттармен түсініледі.

Имам Шафии хазреттері «Ей, әһли бәйти Расул! Сіздерді жақсы көруді Аллаһу та’ала Құран Кәрімде бұйыруда. Намаздарында сіздерге дұға етпегендердің намаздарының қабыл болмауы сіздердің құндылықтарыңыз бен жоғары дәрежелеріңізді көрсетеді. Дәрежелеріңіздің ұлылығы соншалық, Аллаһу та’ала Құран Кәрімде сіздерге сәлем айтуда» деп, мұны ең әдемі түрде білдірген.