Отбасы... Әкенің ұлына айтар сөздері
1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол.
2. Ата-анаңды сыйла.
3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме.
4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің.
5. Бауырмал бол. Қолыңнан келгенше, адамдарға көмектес.
6. Нәзік жандыларды және олардың таңдауын сыйла.
7. Айтарын айтып, өзің басқа тірлік жасап жүрген жарамайды.
8. Салмақты бол. Ер бол.
9. Ер адам тұлғасына мән беруі тиіс.
10. Үнемі ақылыңды толықтыр.
11. Нәзік жандыларға ешқашан және мүлде қол көтеруге болмайды.
12. Жалқаулығыңды өзің тый. Адамзат тарихында ешкім еріншектікпен жетістікке жеткен емес.
13. Отбасыны қамтамасыз ететін ер адам. Бұл – оның міндеті.
14. Біреуге қарыз берсең, ойланып бер. Ол ақшаны бергеніңе кейін өкініп жүрме.
15. Ең болмаса, бір салада шебер бол. «Мен мынаны жасай аламын» дейтін тірлігің болсын.
16. Ешқашан шағым айтпа. Мұнымен мәселең шешіліп кетпейді.
17. Нәтиже беретін іспен шұғылдан. Есіңде болсын, уақыт бағалы. Уақыт шығынына душар болмаған дұрыс.
18. Мылжыңдық ердің сәнін бұзады.
19. Дымым жоқ деген күннің өзінде жинаған қорың болуы тиіс.
20. Үй тірлігіне қабілетті бол. Ешкімнің көмегінсіз-ақ бар істі тындыруға тырыс.
21. «Еркектер ешқашан жыламайды» деген қағиданы бұзба!
22. Тал ек, мал бақ. Бір кезек осы істі жасап көр.