Untitled Document

Сұхбат... Мұсылманның қажеттілігін орындау

Хафыз Абдулазим Мунзиридің «40 хадис шәриф» атты кітабындағы хадис шәрифтерде Ибн Омар радиаллаһу анһтан риуаят етілген хадис шәрифте былай делінеді: 

«Кімде-кім бір мүмин бауырының қажеттілігін орындаса, қиямет күні амалдары тартыларда таразының басында тұрамын. Менен көмек сұрағанында міндетті түрде оған шапағат етемін».  

Хазреті Ибн Аббастың риуаят еткен хадис шәриф:  

«Жақсылық пен жамандық Аллаһу та’аладан. Жақсылық кілттері қолына берілгендерге сүйіншілер болсын. Жамандық кілттері қолына берілгендерге обал болсын».   

Ауф әл-Музәни әкесінен, ол да атасынан (радиаллаһу алейһим әжмаин) риуаят еткен хадисте, сүйікті пайғамбарымыз былай деген:

«Аллаһу та’ала адамдардың қажеттіліктерін қаматамасыз еттіру үшін сондай құлдар жаратқан, оларға жаһаннам азабы жоқ. Қиямет күні олар үшін нұрлы мінбелер дайын болады. Адамдар есепке тартылып жатқанда олар Аллаһу та’аламен сұхбаттасады».

Әли ибн Әбу Талиб (радиаллаһу анһ) риуаят еткен хадис шәрифте сүйікті пайғамбарымыз былай деген:  

«Кімде-кім мұсылман бауырына көмектесу және қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қадам басса, оған Аллаһу та’аланың жолында соғысқан мүжаһидтердің сауабы беріледі».

Әбу Хурайра радиаллаһу анһ риуаят еткен хадис шәрифте сүйікті пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уә сәлләм былай деген:

«Кімде-кім бір мұсылман бауырының қажеттілігін қамтамасыз етсе Аллаһу та’аланың жақын досы және әулие құлы болады. Кімде-кім мүмин бауырының қиыншылығын кетіріп, оны қуантса, Аллаһу та’ала оған маһшарда сырат көпірінен өтерде екі нұрдан жарық береді. Бұл екі нұрдың құдіретін жалғыз Аллаһу та’ала береді».