Сұхбат... Сен ұмыттың, бірақ ұмытылмадың
Адамдар Аллаһу та’аланың әмір және тыйымдарына мойынсұнбағандықтан және ислам дінінің бақыт жолынан ажырағандары үшін дүниеде береке қалмады. Ризықтар азайды. Таха сүресінің 124-ші аятында «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын» деп бұйырылады.
Сондықтан иман ризығы, денсаулық ризығы, азық ризығы, адамгершілік және мейірімділік ризығы және басқа да көптеген ризықтар азайып кетті. Нахыл сүресінің 33-ші аятында «Аллаһу та’ала құлдарына зұлым етпейді. Оларды азапқа апаратын өздерінің жаман істері. Осылайша олар өз-өздеріне зұлым етеді.» делінген. Бүгінгі қараңғы басқан кезеңде, Аллаһу та’аланы, пайғамбарды, исламды ұмытудың берекесіздіктерін кешкен заманда, әйелі де, еркегі де жұмыс істеп, бір жанұяның нафақасын, күнкөріс жағдайын қамтамасыз ете алмайтындай халге келді. Аллаһу та’алаға сенбейінше, Оның білдірген ислам дініне мойынсұнбайынша, Оның пайғамбарының көркем мінезімен безенбейінше адасушылықпен пәлекет дауылын тоқтату мүмкін болмайды.
Ислам ғалымдарының ұлыларынан Хазреті Ахмет Ғазали былай деген: «Ей адамзат! Аллаһу та’ала барлық нәрсені сен үшін жаратты. Ал сені өзі үшін жаратты. Жер сенің мекенің. Періштелер сенің қорғаушың. Күн саған жарық беруші. Бәрі сен үшін жаратылған. Сен болсаң Аллаһу та’аланың сен үшін жаратқан махлұқтарымен әуре болдың, ниғметтердің иесін ұмыттың. Саған келген сияпаттармен мейірімділіктерден пайдаландың, бірақ оларды саған берушіні есіңе алмадың. Осылайша ниғметтердің шүкірін орындамадың. Саған берген ихсан және мейірімдеріне құрмет етпедің. Ал негізі сен тек қана Аллаһу та’аланы бір деп біліп, оған құлшылық ету үшін жаратылған едің».
Йа Рабби! Ұмытқан және қателескен нәрселеріміз үшін біздерді есепке тартпа! (Әмин).