Тарих... Империялар (1)
Түрік қағанаты. 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған. Түрік қағанаты 6 млн.шаршы шақырым аумақты қамтыды.
Хань империясы. Хань әулеті — Қытайды біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 220 жылына дейін билеген императорлық әулет. Оның аумағы 6,5 млн. шаршы километр алаңға дейін созылды. Батыс немесе Ерте (Үлкен) Хань және Шығыс немесе Кейінгі (Кіші) Хань болып бөлінді. Қытай тарихнамасында Ван Ман билеген уақыт пен одан кейінгі Лю Сюань билік еткен екі жыл ерекше кезең болып көрсетіледі және бұл жағдайда Батыс Хань әулеті біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 8 ғасырына дейін биледі деп есептеледі. Әулеттің негізін салушы — Лю Бан елді біріктіріп, орталықтанған күшті империя құрды.
Мин әулеті. 1450 жылы 6,5 млн. шаршы шақырымға жуық аумақты қамтыған ірі империялардың бірі болды. Бірақ экономикалық күйреу және табиғи апаттар XVII ғасырдың басында оның ыдырауына ықпал етті.
Сасанидтер мемлекеті. 621 жылы құрылып, аумағы 6,6 млн.шаршы шақырым алаңға дейін созылды. Бұл империя 651 жылы экономикалық құлдырау мен Араб халифатының жаулап алуы салдарынан құлады.
Жапон империясы. Тарихтағы ең ірі теңіз империяларының бірі болды. 1942 жылы одақтастар алдында 7,4 млн.шаршы шақырым аумақты қамтыды.
Ахеменидтер державасы. Бұл империя алғашқы Парсы империясы ретінде белгілі. Б.з.д 330 жылы Ахеменид державасы Александр Македонскийдің империясына кірді, ал оның өлімінен кейін 323 жылы эллиндік Селевкид мемлекетіне қосылды. Оның аумағы 8 млн. шаршы шақырым жерге созылды.
Француз империясы. Бірінші француз отарлық империясы Ұлыбританиямен соғыстар сериясының алдында 1754 жылда 8,1 млн. шаршы шақырым жерді қамтыды. Бұл екі елдің жаңа әлемдегі өз отарларының үлкен бөлігін жоғалтуына алып келді.