Тарих... Империялар (2)
Бразилиялық империя. Португалиядан тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1822 жылда 8,5 млн.километр жерді қамтыды. Дегенмен 1889 жылдағы төңкеріс нәтижесінде империя ыдырап кетті.
Португалия империясы. 1815 жылы Португал империясының аумағы 10,36 млн. шаршы километрге дейін жетті. Ал соңғы 150 жылда ол Бразилия мен көптеген колониялардан айырылды.
Аббасид халифаты. 850 жылы аумағы 11,1 млн. шаршы шақырым жерді қамтыды. Ал 1517 жылы Осман империясы астанасы Каирды басып алды.
Екінші Француз отарлау империясы. 1938 жылы 13 млн. км. шақырымға созылды. Дегенмен екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары имеприя көп аумағынан айырылып, ыдырап кетті.
Юань империясы. Юань Әулеті – XIII-XIV ғасырда Қытайда билік жүргізген моңғол әулеті. Әулеттің негізін Шыңғысханның немересі Құбылай қалады. 14 млн. шаршы километр аумақты бақылаған алғашқы әулет.
Цин империясы. Цин әулеті-Қытайдың соңғы императорлық әулеті. 1790 жылы империя 14,7 млн.шаршы шақырым аумақты қамтыды. Ол 1912 жылы орын алған көтерілістерден кейін құлады.
Омейяд халифаты. 7 ғасырда құрылған Омейяд халифаты 750 жылы Аббасид талқандағанға дейін 15 млн. шаршы километр алаңға созылды.
Испан империясы. 18-ші ғасырда испан империясы Жер шарының 13% — ына, яғни 20 млн.шаршы километрге иелік еткен. 19-шы ғасырда тәуелсіздік үшін испандық-американдық соғыстардың нәтижесінде аумақтардың көп бөлігін жоғалтты.
Ресей империясы. 1866 жылы Ресей империясының аумағы 22,8 млн.шаршы шақырым алаңды құрады. 1917 жылы революция нәтижесінде империя ыдырап кетті.
Моңғол империясы. 1279 жылы Моңғол империясы Жапон теңізінен Шығыс Еуропаға дейін 32,9 млн. шаршы шақырым алаңға созылды.