Untitled Document

Сұхбат... Ислам ғалымдары және ғылым

Ислам ғалымдарының бірі болған хазреті Имам Раббанидің дін ілімдеріндегі ілгерілігі, ижтихад дәрежесінің жоғарылығы, тасаууфтағы, әулиеліктегі кәмілдігін дін ғалымдарының барлығы бір ауыздан айтқан. Өз заманындағы жаратылыстану ғылымдарының да маманы болған. Мәктубатының 1-том 266 мәктубында «Балам Мұхаммед Масум осы күндерді Шәрһи Мәуәқиф кітабын бітірді. Дәрістерінде грек философтарының қателерін түсінді» деген. Бұл кітап ислам медреселерінің жоғарғы (Университет) бөлімдерінде соңғы дәуірлерге дейін оқытылып келген жаратылыстану ілімдерінің кітабы. Қады Адуд жазған сәйид шәриф Али Жүржани (рахметуллаһи алейһима) шәрһ еткен. 1000 беттен болып сол заманның жаратылыстану ілімдерін түсіндірген. Кітап 6 мәуқифке бөлініп, әрбірінде мәрсадтар бар. Кітаптың 4-ші мәуқиф 1-ші мәрсад 3-ші бөлім 2-ші мақсатта жердің домалақ екендігі, ал 6-шы мақсатта батыстан шығысқа қарай айналатыны дәлелденген. Атомдар туралы, материяның түрлі халдері, қуаттары және психологиялық жағдайлар білдірілген. 

      Еуропалықтар жаратылыстану ғылымдарының көбін ислам кітаптарынан алған. Еуропалықтар жерді түзу, жан-жағы дуалдармен қоршалған деп ойлап жүргендерінде, мұсылмандар жердің домалақ екенін, айналатынын білген. Шәрһи мәуақиф және Марифатнама кітаптарында да бұлар ұзақ ашықталған. Мусул және Диарбақир арасындағы Синжар шөлінде мередианның ұзындығы өлшеніп, нәтижелері бүгінгі өлшемдермен сәйкес келуде. 1185 ж қайтыс болған Нуруддин Батружи (рахметуллаһи алейһ) Әндулус ислам университетінде астрономия профессоры еді. Әлхаят кітабында бүгінгі астрономия ілімдері жазылған. Галилео, Коперник, Ньютон жердің айналатынын мұсылмандардың кітаптарынан көріп айтқандарында бұл сөздері кінә деп саналды. Галилео поптар тарапынан сотталып қамауға алынды. Танзимат дәуіріне дейін Османдық медреселерде жаратылыстану ілімдері үйретіліп келді. Өте сауатты, білімді, кәміл дін ғалымдары жетілдірілді. Дүниені солар басқаратын. Жаратылыстану дәрістерін алып тастағаннан кейін, жаңалықтар, даму, жетілу тоқтады. Батыс шығысты оза бастады. (С.Әбәдия)