Untitled Document

Сұхбат... Жастық шақтың қадірін білу керек

Жастық шақ – нәпістің қайнап тұрған, шәһуаттың жанып тұрған, жаман адамдар мен жын-шайтандардың азғырып тұрған кезі. Мұндай уақытта жасалған аз ғибадатқа өте көп сауаптар беріледі. Кәрілікте дүние қызықтары азайып, күш-қайрат кетіп, қалағандарына қауыша алу мүмкіндігі және үміттері қалмаған уақытта, өкініштен бармақ тістеуден басқа тірлік қалмайды. Көп адамдарға бұл өкініш уақыты да нәсіп болмайды. Бұл өкініш «тәубе» деген сөз және мұның өзі де үлкен ниғмет.

Жастық шақ – табыс табу уақыты. Ақылды адам бұл уақыттың қадірін біліп, қолдан жібермейді. «Құлшылықты қартайғанда істе» дейтін надандарға алданбайды. Кәрілік барлық адамға нәсіп бола бермейді. Нәсіп болса да рахат, қолайлы уақыт табылмайды. Уақыт табылса да әлсіздік, дәрменсіздік уақытында пайдалы іс жасау да екі талай. Бүгін күш-қуатың бойыңда тұрған кезде қандай себеппен бүгіннің ісін ертеңге қалдыруға болады?

Сүйікті пайғамбарымыз «Ертең істеймін деген адам құрыды, зиян етті» деген. Жастық шақта адамды діннің үш дұшпаны – нәпіс, шайтан және жаман адамдар алдауға тырысуда, азғыруда. Бұл кедергілерге қарсы орындалған аздаған ғибадаттың өзі өте құнды болады. Кәрілікте орындалған бұдан қаншама есе көп ғибадаттың құны мұншалықты болмайды. Тіпті басқа да кедергілер болса, бұлардың бәріне төзіп жасалған ғибадаттың сауабының қанша көп болатынын тек Аллаһу та'ала ғана біледі. Өйткені кедергілерге қарсы ғибадат жасау қиындығы ол ғибадаттың мәртебесін, қадірін көктерге шығарады. Кедергісіз оңай орындалған ғибадаттар төменде қалады. Сондықтан адамның үстемдері періштелердің үстемдерінен де жоғары болған. Өйткені адам кедергілер арасында ғибадат жасайды. Періштелер болса, әмірге кедергісіз мойынсұнады. 

Аллаһу та'ала барлығымызға дұрыс нәрселерді нәсіп етіп, нәпсіге, шайтанға және дін дұшпандарының сөздеріне және жазғандарына алданудан сақтасын!..