Сұхбат... Тәубе ету
Адамдардың өмірі күнә істеумен, қателесумен өтеді. Сол себепті тәубе ету барлығына парыз болып табылады. Пайғамбарлар да тәубе ететін. Бірақ олардың тәубесі күнә істегендіктен емес еді. Үмметіне үлгі болу үшін, үйрету үшін болатын. Күнә жасағанда құл ақысы да өткен болса, бұған тәубе ету үшін, құл ақысын дереу қайтарып, онымен халалдасып, оны разы қылып, оған дұға ету де керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Күнә істеген адам істеген күнәсына өкініп, дәрет алып намаз оқыса және күнәсі үшін истиғфар айтса, Аллаһу та’ала ол күнәны кешіреді».
«Жасырын жасалған күнәның тәубесін жасырын жасаңдар! Ашық жасалған күнәның тәубесін ашық жасаңдар! Істеген күнәңды білетін адамға тәубе еткеніңді білдір!»
Ғалымдарымыз былай деген: «Ақы жеу арқылы, әділетсіз алынған бір теңгені иесіне қайтару, қабыл болған 600 нәпіл қажылықтан да сауапті іс.»
Күнә істегенде дереу көңілмен тәубе ету (өкіну) және тілменен истиғфар (әстағфируллаһ) айту керек! Истиғфар – күнәның кешірімін тілеу, әстағфируллаһ деп айту деген сөз. Әстағфируллаһ – "күнәмды кешіре гөр Аллаһым" дегенді білдіреді. Истиғфар ету күнәлардың кешіріміне себеп болатын жақсылықтар жасау деген сөз. Мәселен Құран кәрім оқу, садақа беру және басқа да жақсылықтар жасау да истиғфарға жатады.
Бәле-жалалардан, қиыншылықтардан құтылу үшін де истиғфар оқу өте пайдалы. Әрқашан жүз рет «Әстағфируллаһ-әл-азыйм әлләзи лә илаһә илләһу-әл хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ» деп айтып жүру керек және мағынасын түсініп айту керек! Мағынасы: «Өзінен басқа Құдай болмаған, Хай, Қаййум, Азыйм болған Аллаһқа истиғфар етемін және жасаған күнәларыма өкініп, Оған сиынамын» дегенді білдіреді.