Untitled Document

Тарих... Еуропа қағазбен мұсылмандардың арқасында танысты (1)

Қағаздың Қытайда басталған тарихы Андалусия мұсылмандары арқылы европада жалғасын тапқан. Бұрыңғы заманның адамдары жерде жатқан қағаз бөлшегін құрметпен алып, биік жерге қоятын. Мұның себебі қағаздың Құран хәне хадис шәрифтің жазылуы сияқты қасиетті істерде қолданылуы еді.

Жазу жазылатын материал адамдар үшін әрқашан да қадірлі болған. Мысырлықтар папирус өсімдігінен жасаған қағаз іспеттес қабаттарға жазатын. Қабығы алынған жұқа ленталар сумен ылғалданып, өсімдіктің жабысқақ қасиетінен пайдаланылып, басқа ленталарға көлденеңінен жабыстырылатын. Таспен ұрып, күнге кептірілгеннен кейін қабыршақпен жылтыратылатын. Қазіргі таңда европалық тілдердегі қағаз үшін қолданылатын «рареr» сөзінің шыққан тегі осы. Папирустың қымбат болуы, б.з.д. ІІ-ғасырда Бергамалыларды оның орнын басатын нәрсе табуға итермеледі. Осылайша сиырдың және қойдың терісінен иленіп, жұқартылып жасалған жазба материалы қолданысқа еніп және қаланың сол кездегі есімі Пергамоннан алынып пергамент деп атала бастады. Қазіргі таңдағы қолданымдағы қағаз қытайлықтардың ойлап тапқан жаңалығы. Қытайлар әуелде шөптен жасалған қағазға жазатын. Цай Лун есімді қызметкер 105 жылы қағазды бүгінгі күндегі хәліндей жасап шығарады. Тұт ағашының қабығы, кендір және матаның бөліктерін араластырып, езіп, ботқа халіне келтіреді. Кейін оны пресстеп суын шығарады. Бұл жұқа қабаттың кебуі үшін күннің астында жіпке жаяды.

Үнділер ақ жібектің бөлшектеріне, ал ирандықтар сиыр, қой және жабайы жануарлардың иленген, жұқартылған терілеріне, ақ жалпақ тастарға, мыс, темір және соған ұқсас заттарға, түзу және жапырағы жоқ құрманың бұтақтарына, қой және түйелердің жауырындарына жазатын. Арабтар олармен көрші болғандықтан олардың да жазу құралдары осы еді.

(жалғасы ертең...)