Ғибратты оқиға... Адам мен шайтан
Ертеректе өте діндар, тақуа бір кісі болыпты. Ол үнемі құлшылықпен айналысады екен. Бір күні көрші ауылдың адамдары бір ағашқа табына бастапты дегенді естиді. Қолына балтасын алып әлгі ағашты түп-тамырымен жоюды ойлайды. Сөйтіп балтасын алып жолда кетіп бара жатқанда, адам кейпіне енген шайтан одан қайда бара жатқанын сұрайды.
Ол:
- Көрші ауылға барып адамдар табынып жүрген ағашты шауып тастаймын – дейді. Шайтан оған кедергі болады. Сөйтіп екеуі алыса кетеді. Діндар адам шайтанды астына басып алады. Шайтан айлаға салып діндарды райынан қайтарғысы келсе де мұнысынан түк шықпайды. Сонда шайтан:
- Тоқта, саған тағы бір ұсынысым бар. Сен бұл ойыңнан қайт. Сен өте кедейсің. Басқаларға көмектескің келеді. Бірақ ақшаң жоқ. Мен саған күнде таңертең жастығыңның астына екі алтын қойып кетемін. Сен басқаларға қалағаныңша көмектес – дейді. Әлгі кісі біраз ойланып “Көп ақшам болса басқа да жақсылықтар жасаймын. Ал бұл ағашты жоюға бір пайғамбар келер” – дейді де кері қайтады. Сөйтіп күнде таңертең алтын алып жүреді. Бір күні алтын келіп тұруын тоқтатады. Әлгі кісі ашуланып тағыда балтасын алып ағашты құлатуға жолға шығады. Әлгі шайтан қайта алдынан шығып кедергі болады. Діндар мен шайтан алыса кетеді. Шайтан адамды алып ұрып астына басып алады. Қанша тырысса жеңе алмаған адам шайтаннан қанша тырысса да жеңе алмағанын айтады. Сонда шайтан: - Өткен жолы сен Аллаһ разылығы үшін бара жатқан едің, сөйтіп саған Аллаһ күш берді. Ал бұл жолы ашу мен нәпсіңнің жетегінде келдің, сөйтіп жеңілдің – депті.
Кешегі жауап: 1,5 сағат десеңіз қателесесіз. Бірінші дәріні ішкен соң жарты сағаттан кейін екіншісін, тағы жарты сағаттан кейін үшіншісін ішкенде, 1 сағаттық уақыт кетеді.