Untitled Document

Бала тәрбиесі... Тәрбиеде маңызды болған нәрселер

Дін: Аллаһу та’аланың жақсы, еңбекқор және шыншыл адамдарды жақсы көретінін, оларды жаннатқа кіргізетінін, ал жаман адамдарды жек көретінін, оларды жаһаннамда жазаландыратынын үйрету керек.

Сүйіспеншілік: Тәрбиеде өзара сүйіспеншілік, құрметтің маңызды болғаны секілді, салмақтылық, сабырлылық та өте маңызды. Отбасы ішіндегі берекесіздік, ата-ананың ұрыс-керісі, әсіресе ажырасуы бала психологиясында өте ауыр әсерін қалдырады.

Жазалау және ынталандыру: «Мынаны жасайтын болсаң, мұны бермейміз, көшеге шығармаймыз» деген секілді кейбір жазаларды беру дұрыс болса да, қандай жағдай болмасын баланы ұруға болмайды. Жаза көңілін қалдыратындай болмауы тиіс. Ешкімнің, өзге адамдардың көз алдында да жасалмауы тиіс. Игі істеріне өз орнымен, жасына сай ойыншық немесе велосипед алып беру секілді сыйлықтар әперіп марапаттап тұру керек. «Бұл велосипедті әкем маған Құран кәрімді хатым еткенім үшін алып берді» деп айтатындай болуы тиіс.

Ойындар: Жасына сай келетін түрлі спорттар баланың денсаулығына және сана-сезімінің дамуына ықпал етеді.

Айнала: Хадис шәрифте: «Адамның діні – досының діні секілді» делінген. Жақсы ортаға және жақсы достарға қол жеткізуге тырысуы керек.

Дүниедегі ең ауыр және ең маңызды іс – адам өсіріп жетілдіру. Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: жанұя, қоршаған орта, оқу орны және бұқаралық ақпарат құралдары.