Untitled Document

Сұхбат... Күнә күнәні тартады

Сұрақ: Анама «Шашымды ашып жүруім негізінде күнә болады. Ал мен бұл күнәні істеп жүрмін, ендеше қолдарым мен аяқтарымды да ашып жүрсем не болады?» деймін. Ал анам бұған қарсы. Тіпті «Намазыңды оқы» дейді. Ал мен «Мүлдем күнә істемесем оқитын едім» деймін. Бір күнә істесем де, үш күнә істесем де, арасында қандай айырмашылық бар» деймін. Менікі дұрыс емес пе?

Жауап: Күнә істеген адамға сенікі дұрыс делінбейді. Өкінішке орай бұл заманда ғибадаттарда «істесең толық істе, немесе мүлдем істеме» деген көзқарас бар. «Не толық, не мүлдем ештеңе» деген нәрсе тек иманда болады, күнәлар мен ғибадаттарда болмайды. Иманның азы-көбі болмайды. Иман не бар, не жоқ болады. Кейбір ғибадаттарды орындай алмаған немесе кейбір күнәлардан сақтана алмаған адамға «Сен күнәхарсың, енді саған ғибадат етуіңе қажеттілік жоқ» деуге болмайды. Күнә кіші болса да, одан сақтануға тырысу керек. Бір күнәға әдеттенген адам басқаларын да істегісі келеді. Бір күнә басқа күнәларды шақырады. Күнә істеу – қарсы шығу деген сөз. Ақылды адам өз Раббысына қарсы шығу мөлшерін арттырады ма? Керісінше азайтуға тырысады.

Имам Раббани хазрет былай деген:

«Бүкіл күнәларға тәубе етіп барлығынан сақтану үлкен ниғмет. Бұл нәрсе орындалмаса, еш болмағанда кейбір күнәларға тәубе ету де ниғмет болып табылады. Бұлардың берекетімен бәлкім бүкіл күнәларға тәубе ету нәсіп болады. «Бір нәрсені толығымен орындай алмаған адамның ең болмағанда барлығынан да айрылып қалмауы керек» деген қағида бар» (2/66)

Бірнеше күнәға батқан адам бірінен бас тартқысы келген кезде оған «Басқаларын да тоқтата алмайтын болсаң, бұл күнәңды жалғастыра бер» деп айтуға болмайды. Күнәнің мөлшері қаншалықты азайса, соншалықты жақсы болады. Өйткені Аллаһтан қорқып бір күнәдан бас тарту – имандылықтың белгісі. Хадис шәрифте «Өмірінде бір рет Аллаһты еске алған немесе Одан қорыққан мұсылман тозақтан шығады» делінген. (Тирмизи)