Untitled Document

Денсаулық... Баяу жүру ненің белгісі?

Аяңдап жүру мидың ерте қартаюына алып келеді. Бұл туралы Солтүстік Каролинадағы Дьюка университетінің зерттеушілерінің мақаласы JAMA ғылыми журналында жарық көрген.

Зерттеуге Жаңа Зеландияның жүздеген адамы қатысқан. Зерттеу кезінде олардың жасы 45-те еді. Олардың денсаулығын 3 жасынан бастап қадағалаған екен.

Ұзақ жылдар бойы зерттеу бала кезінен зердесі мен моторикасы төмен балалар орта жаста баяу жүретінін анықтаған.

Сонымен қатар, 45 жасқа толғанда оларға МРТ жасаған. Зерттеу нәтижесі баяу жүретін адамдардың ми көлемі кішкене және бас ми қабығының жұқа екенін көрсеткен. Сондай-ақ, қан тамырларының да ауыратынын көрсеткен.

Ғалымдар мұның барлығы мидың ерте қартаюының белгісі дейді. Сонымен қатар зерттеушілер 7 адамнан зерттеуге қатысушылардың суретіне қарап, олардың жасын анықтауды сұраған. Онда баяу жүретін адамдар, тез жүретін адамдарға қарағанда суреттерде жасы үлкен болып көрінгенін айтады.

Зәйтүн майының шашқа пайдасы

Зәйтүн майын шашқа қолданудың ең қарапайым әдісі – оны таза күйінде жағу. Ол үшін майды құрғақ шаштың барлық ұзындығына және бас терісіне массаж жасай отырып жағыңыз. Содан соң басыңызға душқа арналған шапка киіп, 15 минуттай жүріңіз. Шашыңызды сусабынмен жуып тастаңыз.

Шаш күтіміне зәйтүн майын қолданудың артықшылықтары:

- Сапалы зәйтүн майы шаш түптерін қатайтуға көмектеседі және шаш түсуін азайтады;

- Зәйтүн майы ылғалдандырушы әсерге ие, сондықтан шаш күтімді көрінеді;

- Оның құрамындағы антиоксиданттардың жоғары деңгейі шашты ерте ағарудан қорғайды;

- Зәйтүн майы мен басқа майларды араластырып жасаған маскалар шашты жұмсартуға көмектеседі;

- Зәйтүн майы тыныштандыратын қасиетке ие. Сондықтан бас терісі қатты құрғақ болғанда және қайызғақ кезінде зәйтүн майымен массаж жасау арқылы оның қышығанын басуға болады.