Untitled Document

Сұхбат... Жомарттық

Сұрақ: Жомарттықтың құндылығы қандай?

Жауап: Жомарт кісінің аздаған ғибадаты сараң кісінің көп ғибадатынан үстем болуымен қатар, жомарт болған сауатсыз да, сараң болған ғалымнан үстем. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та'ала жомарт адамды күндіз-түні ғибадат ететін сараңнан көбірек жақсы көреді». (Тирмизи)

«Аллаһ алдында жомарт болған сауатсыз сараң болған ғалымнан үстемірек. Өйткені, сараңдық – ең ауыр ауру». (Дара Қутни)

Жомарт кісінің иманы күшті, ал сараңның иманы әлсіз. Хадис шәрифтерде айтылған:

«Жомарттық иманның беріктігінен туындайды. Иманы берік болған кісі тозаққа кірмейді. Сараңдық күмәннан пайда болады. (Иманда) күмәні бар адам жәннатқа кіре алмайды». (Дәйләми)

«Пенденің жүрегінде сараңдық пен иман бірге бола алмайды.» (Нәсаи)

«Жомарт Аллаһқа, адамдарға, жәннатқа жақын, тозақтан алыс. Ал сараң мұның терісі». (Тирмизи)

«Жомарт болыңдар – Аллаһу та'ала да сендерге жомарттық танытсын! Жақсылап біліп алыңдар, сараңдық күпірден, ал күпірдің орны – тозақ». (Дәйләми)

Жомарт кісі кәпір болса да, тозақтағы азабы басқа кәпірлердікі сияқты ауыр болмайды. Хадис шәрифте былай делінген:

«Жомарт болған кәпір тозаққа кірерде Аллаһу та'ала (Тозақта қызметте болған періштелердің ең үлкені) Маликке "Мына адамды дүниедегі жомарттығы шамасына қарап тозақтың азабы жеңілдеу болған тарапына қой" дейді». (Дәйләми)