Сұхбат... Зәмзәм ішу
Зәмзәм – қасиетті Мекке қаласында Мәсжид-и харам ішінде қағбаның Хажәри әсуад тасының бұрышы тарапында орналасқан құдықтан шығатын киелі су. Зәмзәм суы Ибраһим алейһиссалам дәуірінде шыққан. Хадис шәрифтерде айтылған:
«Жер жүзіндегі құдықтардың ең қайырлысы – зәмзәм суының мүбәрәк құдығы».
«Зәмзәм суы ауруларға шипа береді. Оны ішкендер тамақ жегендей аштықтарын басады».
«Зәмзәм тойдырушы және ауруға шипа беруші».
«Зәмзәмді бәле-жаладан қорғану ниетімен ішкен адамды Аллаһу та'ала қорғайды».
Абдуллаһ бин Мүбәрәк хазрет «Расулуллаһ «Зәмзәм ішкен ниетке қарай пайдасын тигізеді» дегендіктен, мен қияметте шөлден құтылу үшін зәмзәм ішемін» дейтін. Ибн Аббас хазрет зәмзәм ішетін кезде «Йа, Раббым, сенен пайдалы білім, мол ризық және әртүрлі ауруларға шипа тілеймін» деп дұға ететін.
Сәйид Абдулхаким Арваси хазрет айтқан: «Қажылықта зәмзәмді әр ішкенде қабырға тырысатындай тойып ішу керек. Зәмзәмнің жалғыз өзін ішу қажет, тіпті тағамда да қолданбаған жөн».
Зәмзәм ішуге қатысты сүннеттер:
1) Уәда тауафын жасап, тауаф намазын оқыған соң көп зәмзәм ішу және үстіне құю.
2) Зәмзәмді құбылаға бұрылып, түрегеп тұрып, қағбаға қарап ішу.
Зерттеушілердің айтуынша, «Не болғаны 1,5 метр тереңдіктегі құдықтан шыққан зәмзәм миллиондаған қажының суға деген қажеттілігін өтеуде. Оның қайнар көзі әлі табылмады. Қайдан келетіні қазіргі технологиямен де белгісіз. Жақын жерде ешқандай құдық жоқ және теңізге 80 км қашықтықта орналасқан. Осындай шартта суын теңізден немесе басқа құдықтан алуы мүмкін емес».