Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Өтірік айту

Сұрақ: Саудамен айналысамын. Кейде ант етіп, өтірік айтып қоямын. Не істеуіме кеңес бересіздер?

Жауап: Әрбір мұсылман өзіне жасалуын қаламайтын нәрсені өзгеге де, тіпті кәпірге де жасамауы керек.

Сатып жатқан нәрсені өз барынан (затынан) асырып мақтамау керек! Өйткені әрі өтірік айтқан боласың, әрі зұлымдық жасаған боласың. Тіпті дұрыс болған, сатып алушының білетін нәрсесін де айтпау керек! Өйткені бұл пайдасыз сөз, қияметте әрбір сөзіміз үшін есепке тартыламыз.

Ант етіп сатуға келер болсақ, өтірік нәрсеге ант ішу харам болып табылады. Яғни үлкен күнә. Дұрыс нәрсе үшін де ант етпеу керек. Арзымаған нәрсе үшін Аллаһу та’аланың есімін атау құрметсіздік болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Сауда-саттықта “уаллаһи  (Құдай ұрсын) мынадай”, “билләһи ондай емес” дейтін адамға және “бүгін болмады, ертең кел” деп сөзінде тұрмайтын өнеркәсіпшілерге обал болсын!» (Дәйләми)

«Мүлкін ант етіп ұнаттыруға тырысқан адамға қияметте мейірімділік етілмейді». (И. Ғазали)

Сұрақ: Өтірік нәрседе ант етіп басқаның ақысын алу күнә емес пе?

Жауап: Өтірік нәрсе үшін ант етуге “йәмини ғамус” делінеді. Күнәға, жаһаннамға түсіруші ант деген сөз. Пайғамбарымыздан ”йәмини ғамус”  деген не деп сұралғанда «Өтірік нәрседе ант етіп өзгенің мүлкін алу» деп білдірген. (Бұхари)

Өтірік ант етіп біреудің мүлкін иемдену үлкен күнәлардан. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Мұсылманның мүлкін әділетсіз алу үшін өтірік нәрсеге ант еткен адам Хақ та’аланың ашуына ұшырайды». (Бұхари)

«Біреудің мүлкін алу үшін өтірік ант еткен адам Аллаһу та’аланың құзырына алапес фажир ретінде шығады». (Ибн Мажә) (Фажир: фитна шығарушы, бүлікші, күнәһар)

«Өтірік нәрсеге ант ету үйлерді қиратады». (Бәйһақи)

«Өтірік нәрсеге ант еткен адам жаһаннамға түседі». (Хаким)

«Өтірік нәрсеге ант ету мүліктің жойылуына себепші болады». (Бәззар)