Сұхбат ... Бүкіл мал-мүлкін берді
Сахабалардың байларынан болған хазреті Осман (радиаллаһу анһ) қанша дүниесі болса, барлығын исламды қуаттандыру үшін, исламды тарату үшін, Хақ та’аланың разылығына қауышу үшін жұмсады. Бір күні пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уасаллам) мешітте сахабаларын Тәбук соғысына көмектесу үшін шақырып жатқан еді. Хазреті Осман орнынан тұрып:
- «Ей Расулаллаһ! Аллаһ жолында жүз түйе беруді мойныма алдым» - деді.
Расулуллаһ (алейһиссалам) көмекке шақыруын жалғастырғанда хазреті Осман қайтадан тұрып:
- «Ей Расулаллаһ! Аллаһ жолында жүз түйе тағы беруді мойныма алдым» - деді. Расулуллаһ (алейһиссалам) мінберден түсіп келе жатып: «Бұдан кейінгі амалдарынан Османға есеп жоқ» деді.
Пайғамбарымыз сахабаларын тағы көмекке шақырғанында хазреті Осман:
- «Ей Расулаллаһ! Аллаһ разылығы үшін тағы жүз түйе беруді мойныма алдым»-деді. Пайғамбарымыз: «Тәбук әскерлерін қару-жарақпен жабдықтаған адамға жаннат бар!» деді. Мұны естігенде хазреті Осман мың алтын әкеліп Расулуллаһтың (алейһиссалам) алдына қойды. Хазреті Османның бұл көмегіне Расулуллаһ (алейһиссалату уасаллам) «Ей Аллаһым! Мен Османға разымын. Сен де разы бол» деп дұға етті.