Untitled Document

Сұхбат... Қабірді зиярат ету

Өлімді ұмытпау және ахыретті ойлау үшін қабір зиярат ету сүннет. Қабір зиярат еткен кісі өзінің де бір күн осы жағдайда болатынын ойлайды. Еш кімге жамандық жасамайтын болады, жақсы мұсылман ретінде өмір сүруге тырысады.

Ханафи мазһабында бейсенбі, жұма және сенбі күндері қабір зиярат ету сүннет. Шафии мазһабында болса бейсенбі күні намаздігерден бастап сенбі күні таң атқанша зиярат ету сүннет.

Зияратқа барған кісі мәйітке Құран кәрим оқуы, оған дұға етуі керек. Бұлардың мәйітке пайдасы өте көп. Мазаратқа кіргенде «Әссәламу алейкум йа әһли дарил қаумил муминин! Иннә иншааллаһу ан қарибун бикум лахикун» деп сәлем беру сүннет.

Хадис шәрифте пағамбарымыз былай деген: «Бір мұсылмадың қабірін зиярат еткен кезде, Аллаһуммә инни әсәлукә би хурмети Мұхаммед алейһиссалам ән ла туаззибә хазәл мәйіт десе, мәйіттің азабы қияметке дейін тоқтатылады». [Атфал-ул-муслимин].

Тағы бір хадис шәрифте былай деген: «Ата-ананың қабірін жұма күндері зиярат қылған адамның күнәлары кешіріледі, олардың хақтарын төлеген болады». [Тирмизи].

Әулиені зиярат қылу үшін алыс жерлерге бару және қабірлерін берекеттену, рухани нәр алу ниетімен зиярат қылу мустахаб амал. Расулуллаһтың мубәрәк қабіріе зиярат ету ең құнды ғибадаттар қатарына жатады. Өйткені хадис шәрифте пайғамбарымыз былай деген: «Қабірімді зиярат еткен мұсылманға шапағат етуім уәжіп болады». [Табарани, Бәззар].

Зиярат кезінде қабірдің айналасынан айналу, қабірді сүю жаиз емес. «Хиндийа» фәтуа кітабында жалғыз әкезшешенің қабірін сүюге ғана рұқсат бар екені жазылған. Ата-анадан да артық болған әулие және пайғамбар кесенесін сүю де жаиз. Бірақ сауатсыздардың және қабір дұшпаны болған кейбір сектадағылардың дұшпандығына себеп болмау үшін сүймеген абзал. Қабір зияратында әулие немесе пайғамбардан шапағат сұрау әһли сүннет жолында мүмкін. Бір дертінің шешілуінде Аллаһу таалаға оларды дертінің шешілуінде Аллаһу таалаға олардың құрметіне деп дұға ету керек.