Untitled Document

Қызықты мәлімет... Ақшамен байланысты қызықтар

* Әлемдегі ең танымал банкнота – АҚШ-тың 100 доллары.

* Дүние жүзіндегі ең көп таралған валюта – франк.

* Қағаз ақша алғаш болып Қытай мемлекетінде пайда болды.

* Ең алғашқы банкомат 1939 жылы Америкада жасалды.

* Банк сөзі итальян тілінен аударғанда «үстел» дегенді білдіреді.

* Автралиялық 10 долларды екіге бөліп, әрбір жартысын 5 доллар ретінде пайдалануға болады.

* Ең ауыр тиын (монета) Швецияда жасалды, оның салмағы 19 кг болатын.

* Ең тұңғыш банк 1472 жылы Италияда ашылды. Бұл банк қазірде жұмыс істеп тұр.

* Американың 4 доллары, Зимбабве елінің 10 миллион долларымен тең!

* Ұлыбританияда 1 миллион фунт стерлингты құрайтын қағаз банкнота бар.

* Африкада ақша ретінде малды қолданған.

* Ең қымбат тиын – Цюрих қаласында өткен аукционда 314 мың долларға сатылып кетті.

* Әйгілі доллар белгісі – $ – АҚШ мемлекеті құрылмай тұрып, Мексикалық песоның белгісі болған.

* Ежелгі адамдар ақшаның орнына: тас, кептірілген балық, күріштің дақылдары, жүгері және т.б. қолданды.

* Қағаз ақшада 100 мыңға дейін микробтар болуы мүмкін.

* Колумбиялық есірткі королі Пабло Эскобар, орманда полициядан жасырынып жүргенде, жылыну үшін 2 миллион долларды жағып жіберген.

* 1918 жылы Американың Федералдық Банкі, телеграф арқылы тұңғыш рет ақша аударымын жасады. Сөйтіп, адамзат электрондық ақша дәуіріне көше бастады.

* Америка Құрама Штаттарында ақшаға тірі адамның бейнесін қоюға тыйым салынғаны туралы заң бар.

* Әлем бойынша ең көп қолданылатын банкнота – 500 евро. Планетадағы адамдардың үштен бірі, күніне 2 долларға ғана өмір сүреді.