Әдеп-ахлақ... Тамақтану әдебі
Тамақты бастар алдында ниет ету:
Тамақты бастар алдында Аллаһу та’алаға ғибадат ету, Аллаһу та’аланың құлдарына пайдалы болу, Аллаһу та’аланың дінін, мәңгілік бақыт және тыныштық жолын барлық адамдарға тарату үшін күш-қуат жинауға деп ниет ету керек.
Тамақтанудың парыздары:
1- Жеген кезінде тоюды және ішкен кезінде қануды Аллаһу та’аладан деп білу.
2- Халалдан тамақтану.
3- Жеген тамақтың қуаты жұмсалғанға дейін Аллаһу та’алаға құлшылық ету.
4- Қолындағы барға қанағат ету.
Сүннеттері:
- Тамақты “бисмилләһ” айтып бастау.
2- Тамақтың соңында “әлхамдулилләһ” деу.
- Тамақтан бұрын және соңында қолдарды жуу
4- Оң қолмен ішіп-жеу.
5- Ыдыстың шетінен бастау, өз алдынан жеу.
6- Оң аяқтың тізесін бүгіп, сол аяқтың үстіне отыру
7- Тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқтау
8- Қолмен желінетін тағамдарды үш саусақпен жеу.
9- Қарбызбен нан жеген кезде, нанды оң қолымен, қарбызды сол қолымен жеу.
10- Ыдыста қалған тағам қалдықьарын нанмен немесе саусақпен тазалап жеу (компот, айран секілді сусындардың қалдығына су құйып, шайқап ішу үлкен сауап).
11- Қолды жумас бұрын немесе майлықпен сүртпес бұрын саусақтардағы тамақ қалдықтарын жалау.
12- Соңында тістерді мисуакпен немесе тіс тазартқышпен тазалау.