Қызықты мәлімет... Әлемде қанша кітап бар?
ISBN дерекқорында 34 миллионнан астам кітап бар. Бірақ бұл нақты жауап емес. Неліктен әлемде қанша кітап барын анықтау қиын? Себебі ресми тіркелген кітаптардан бөлек, сандық басылымдар, әуесқой басылымдар, кітапқа енбеген шығармалар, вариация және қайталау барын есепке алу керек.
Google санағы. Дегенмен ең жақсы кітап санағын жүргізген Google болды. 2010 жылы Google әлемде қанша кітап бар екенін есептеп анықтауға тырысты және 128 864 880 дана кітап есебі шықты.
1440 жылы баспа құрылғысы ойлап табылғаннан бастап Google олардың санын есептеу үшін ISBN, кітапханалар және басқа көздерден алынған деректерді есептеген. Алайда, компания журналдарды, жеке эсселерді т.б есепке алмады. Сонымен қатар, Google базасында көшірмелер мен вариациялар да болуы мүмкін. 129 864 880 дана деген ақпарат ақылға қонымды болып көрінгенімен, бұл жоба 2010 жылы аяқталды, яғни содан бері қанша кітап жарық көргені белгісіз.
ЮНЕСКО есебінше, жыл сайын 2,2 миллион кітап шығады. Осы ақпарат бойынша есептеп Google мәліметіне қоссақ 2024 жылғы жағдай бойынша 160 664 880 дана кітап болуы керек. Бірақ бүл тек болжам ғана.