Untitled Document

Сұхбат... Жалқаулық

Сұрақ: Жалқаулық жайлы мәлімет бересіз бе, жалқаулықтан қалай құтылуға болады?

Жауап: Жалқаулық, еріншектік жаман мінезге жатады. Жалқаулықтан құтылу үшін әуелі мұның жаман екенін білу керек, сосын шарасын іздеу керек. «Адам тек еткен еңбегінің пайдасын көреді» мағынасындағы аятты ойлау керек. Расулуллаһ алейһиссалам жалқаулықтан Аллаһу та'алаға сыйынған, «Йа Раббым, мені жалқаулықтан сақта» деп дұға еткен. Жалқаулықтың шарасы, құтылудың жолы – еңбекқор адамдармен сөйлесу, жалқау, енжар адамдардан аулақ жүру. Аллаһу та'аладан ұялу керек екенін және азабының қатты болатынын ойлау керек. Дінін жақсы білетін салих адамдармен көрісіп жүру керек.

Дінімізде бос нәрселермен, пайдасыз істермен, ойындармен уақыт өткізуді “малаяни” деп атайды. Өміріміз бос нәрселермен уақыт өткізердей қадірсіз емес. Ахиретте әрбір сөзіміз және әрекеттеріміз үшін есепке тартыламыз. Өмірін босқа өткізгендер, қажетсіз істермен өткізгендер қатты өкінеді. Хадис шәрифтерде былай делінеді: 

«Қиямет күні күнәсы ең көп болатындар малаяни сөйлегендер.» (Әбу Наср)

«Пайдасыз нәрселермен уақыт өткізген адамның қатесі, күнәсы көп болады». (Әл-Аскери)

Намазға қатты мән беру керек, намаз да жалқаулықтың шарасы. Діни кітаптарды көбірек оқу керек, салих мұсылмандармен жиі көрісіп тұру керек. Нәпіске ие болу керек. Нәпісті еркіне жіберсең шәхуат пен жалқаулықты қалайды. Аллаһу та’аланың әрбір іс-әрекетімізді, әрбір ойымызды көріп, біліп тұрғанын ойлау керек.

Ерте жатып, ерте тұру қажет. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Таңертеңгілік ұйқы әлсіздік, жалқаулық, бостық және ұмытшақтыққа себеп болады». (И. Мауәрди)

«Таңертеңгілік ұйқы ризыққа кедергі болады». (Бәйһақи)