Сіз білесіз бе? Шаңсорғыштың шығу тарихы (1)
Тарихта шаңды сорып алатын бірінші машина ХІХ ғасырдың аяғында жасалды. Оны іске қосу үшін екі бірдей ер адамның күші керек болды, себебі бір адам үрлеп тұрды, ал екіншісі шланганы арлы-берлі тасып жүруі тиіс еді. Бірақ шаң жиналған жоқ, керісінше сыртқа қарай үрленетін болған.
Бұл идеяны инженер Хьюберт Сесил Бут 1901 жылы жетілдіре түсуді ойлайды. Оның шаңсорғышы шаңды үрлемей, арнайы шаң тұратын қапқа сүзгі арқылы соратын. Вакуум сорғысының қуаты бес аттың күшіне жететін, ол бензинмен жұмыс істейтін.
Бірінші нұсқасы тым үлкен әрі даусы зор шығатын, сондықтан шаңсорғыш іске қосылған кезде әдетте аулада тұратын, ал шланг терезе арқылы кіргізіліп, шаңды сорып шығатын.
Бут шаңсорғышы 1902 жылы Ветминстер аббаттығында жасап шығарылды, құрылғы Жетінші Эдуардтың таққа отыру шарасының алдында кілемдерді тазалау мақсатында арнайы ойлап табылған. Осындай жарнамадан кейін жаңа бағыттағы ізденістер күш алады.
Мұны бәсекелестер пайдаланып кетті. Көп өтпей олар шаңсорғыштың шағын үлгісін жасады. Бұл машина үш фазалы электр қозғалтқышында жұмыс істеді. Шаңсорғыш құрылымына электрқозғалтқышын енгізу шаңсорғыштар тарихында елеулі оқиға болды, бұл әдіс осы құрылғыны үй шаруасында қолдану мәселесін шешіп берді: ол өте тыныш жұмыс істеп, бензиннің жануынан шығатын улы газдан арылуға мүмкіндік сыйлады.
(жалғасы ертең...)