Untitled Document

Сіз білесіз бе? Шаңсорғыштың шығу тарихы (2)

1908 жылы америкалық W. H. Hoover Company компаниясы tin model деп аталатын шағын шаңсорғыш моделін жасады, оның салмағы 20 келі еді (сол уақыттарда бәсекелестердің шаңсорғыштары 50 келі салмақ тартатын).

Шаңсорғыш қорғасынмен қапталған төңкерілген шелекке ұқсайтын, оған швабраға ұқсас ағаш сабы жалғанатын. Тұтқасында дәкеден қап орнатылып, оған шаң үйілетін болған, ал оның сырты сәтенмен қапталады. Өндірушілер бұл шаңсорғыштың еденнен шаңды жақсы тазалап қана қоймай, оны шаш кептіруге де таптырмас құрал деп жарнамалады.

Аксель Веннер-Грен — Electrolux швед компаниясының негізін қалаушы 1912 жылы шаңсорғышқа ауа насосын емес, желдеткіш орнатуды ұсынады, осыдан кейін тұрмыстық заттың салмағы 14 келіге дейін азайды.  Дегенмен тарих сахнасына Model V шаңсорғышы шықты, бұл үлгі 9 жылдан кейін, яғни 1921 жылы шығып, компанияға әлемдік даңқ әкелді.

Сонымен, ХХ ғасырдың соңына дейін тұрмыстық затты өндірумен айналысатын барлық компания дөңгелекшелерімен жүретін, сорғы щеткасы бар, комплектісінде бірнеше алмалы-салмалы қондырмасы бар иілгіш шланга жалғанған металл цилиндрін көшіріп шығарып келді. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы технология ғана шаңсорғыштардың жаңа түрлерін ойлап табуға себеп болды, мәселен: жуатын, орнатылатын, сұрыптаудың көпсатылы жүйесі бар шаңсорғыштар және робот-шаңсорғыштар.