Untitled Document

Сұхбат... Ең құнды... (1)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Ең құнды амал – иман. Ең құнды иман – Аллаһты естен шығармау». (Табарани)

«Намаздан кейінгі ең құнды амал – ата-анаға жақсылық жасау». (Мүслим)

«Ең құнды амал – зікір. Ал ең құнды зікір – лә илаһә иллаллаһ деп айту». (Табарани)

«Ең құнды амал – халал табыс». (Ибн Лал)

«Ең құнды амал – Құран оқу». (Ибн Қани)

«Ең құнды амал – қиыншылыққа сабыр ету». (Тирмизи)

«Ең құнды амал – жақсы ниетті болу». (Хаким)

«Ең құнды амал – нәпіске қиын болғаны». (И.Ғазали)

«Ең құнды амал – уақытылы оқылған намаз». (Әбу Дауд)

«Ең құнды амал – бір мүминнің айыбын жасыру, қарнын тойдыру немесе бір қажеттілігін орындау арқылы оны қуанту». (Исфәхани)

«Ең құнды амал – сені іздемегенді іздеу, сені мақрұм қалдырғанға беру, саған жаман мәміле көрсеткен адамға кешірімді мәміле көрсету». (И.Ахмед)

«Ең құнды мүмин – оны көрген кезде Аллаһ еске түсетін кісі». (Хаким)

«Ең құнды мүмин – бала-шағасына пайдалы болған адам». (Табарани)

«Ең құнды мүмин – өмірі ұзақ, амалдары жақсы болған кісі». (Тирмизи)

«Ең құнды мүмин – жұбайына ең жақсы, ең мейірімді қарым-қатынас жасаған адам». (Тирмизи)

«Ең құнды мүмин – жақсылық күтілетін, жамандығы тимейтініне сенімді болған адам». (Тирмизи)

«Ең құнды мүмин – қанағат ететіні, ал ең жаманы – ашкөзді болған адам». (Қудаи)

«Ең құнды мүмин – Құранды үйренген және үйрететін адам». (Бұхари)

«Ең құнды мүмин – мінезі ең жақсы болған адам». (Бұхари)

«Ең құнды мүмин – ас беретін адам». (Хаким)

(жалғасы ертең...)