Сұхбат... Ең құнды... (2)
«Ең құнды мүмин – сирек ашуланатын, ашуы тез басылатын адам. Ал ең жаманы – тез ашуланып, ашуы қиын басылатын адам». (Тирмизи)
«Ең құнды мүмин – ең ақылды болған адам». (И.Ғазали)
«Ең құнды мүмин – хикметті сөзді үйреніп, басқаларға үйрететін адам». (Ибн Асакир)
«Ең құнды садақа – ілім үйреніп, басқаларға да үйрету». (Ибн Мажа)
«Ең құнды садақа – екі кісіні татуластыру». (Табарани)
«Ең құнды садақа – тілін тыю». (Дәйләми)
«Ең құнды садақа – жасырын берілгені». (Табарани)
«Ең құнды садақа – Аллаһ разылығы үшін досына қызмет ету». (Адий бин Хатем)
«Ең құнды табыс – өз еңбегімен табылғаны». (Ахмед)
«Ең құнды тәсбих – "Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уәлә илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар"». (Мүслим)
«Ең құнды дұға – кешірім және амандық тілеу». (Тирмизи)
«Ең құнды сөз – дұрыс болған сөз». (Бұхари)
«Ең құнды иман – тағдырға разы болу». (Әбу Нуайм)
«Ең құнды мінез – ешкім зиян көрмесін деп үндемей тұру». (Ибн Мүбәрәк)
«Ең құнды ас – айналасында көп қол созылған тамақ». (Табарани)
«Ең құнды сөз – «Субханаллаһи уә бихамдиһи» деу». (Мүслим)
«Ең құнды қазына – салиха әйел». (Хаким)
«Ең құнды дос – Аллаһты еске алғанда жәрдем беретін, ұмытқанда саған еске түсіретін адам». (Хаким)
«Ең құнды дос – сөздері ілімдеріңді арттыратын, ал амалы ахиретті еске түсіретін адам». (Хаким)
«Ең құнды әйел – намысын қорғаған, көзі сыртта болмаған әйел». (Дәйләми)
«Ең құнды әйел – өзін күйеуіне жақсы көрсеткен, онымен жақсы қарым-қатынас жасаған және тіл табысқан әйел. Ал ең жаманы – ашық-шашық киінетін, тәкәппарланатын әйел». (Бәйһақи)