Ғұламалар... Әһли сүннет ғалымдары
Жер бетіндегі бүкіл мұсылмандарға тура жолды көрсеткен және Мұхаммед алейһиссаламның дінін өзгертпестен үйренуімізге жетекші болған әһли сүннет ғалымдары төрт мазһабтың ижтиһад дәрежесіне көтерілген ғалымдар болып табылады. Олардың ең үлкендері - төрт ұлы тұлға:
Біріншісі - Имам Ағзам Әбу Ханифа Нұғман бин Сабит (раһимә-һуллаһу та’ала). Ислам ғалымдарының ең ұлыларынан. Әһли сүннетттің басшысы. Ол туралы «Садәти Әбәдия» және «Пайдалы мәліметтер» атты кітаптарында кеңінен жазылған. Хижреттің 80-інші жылы Куфада туылып, х.150 [м.767] жылы Бағдатта шәһид етілген.
Екіншісі – Имам Малик бин Әнәс (раһимә-һуллаһу та’ала), өте ұлы ғалым. Хижреттің 90-ыншы жылы Мәдинада туылып, 179 жылы [м.795] сол жерде қайтыс болғандығы, сексен тоғыз жыл өмір сүргендігі Ибн Абидинде жазылған. Атасы – Малик бин Әби Амир.
Үшіншісі – Имам Мұхаммед бин Идрис Шафии (раһимә-һуллаһу та’ала) Ислам ғалымдарының көз қарашығы. 150-інші жылы Палестинаның Газа қаласында туылып, 204 [м.820] жылы Мысырда қайтыс болған.
Төртіншісі – Имам Ахмед бин Ханбәл (раһимә-һуллаһу та’ала). Ол хижреттің 164-інші жылы Бағдатта туылып, 241-інші жылы (м.855) сол жерде қайтыс болды. Ислам ғимаратының негізгі тірегі болып саналады.
Қазіргі заманда осы төрт имамның біріне бағынбаған адам үлкен қауіпте, тура жолдан адасқан. Бұлардан басқа әһли сүннет ғалымдары көп болатын. Олардың да дұрыс мазһабтары бар еді. Бірақ, уақыт өте келе олардың мазһабтары ұмытылып, кітаптарға түсірілмеген.