Untitled Document

Сұхбат... Бидғат деген не?

Сұрақ: Бидғат деген не?

Жауап: Бидғат – жаңалық деген сөз. Кейіннен шығарылған нәрсе дегенді білдіреді. Бұлар әдетте, ғибадатта немесе иманда болады. Әдетте бидғаттың діни тұрғыдан зияны жоқ. Ал ғибадатта және иманда болатын бидғаттар ең қауіптісі.

Әдетте (салт-дәстүрде) бидғат сауап күтілместен дүние пайдасы үшін жасалатын нәрселер. Әдетте бидғат костюм, плащ кию, шай, кофе ішу секілді діннің тыйым салмаған нәрселері болса күнә емес. Пайғамбарымыздың поптың аяқ киімін және грек шапанын кигені хадис шәрифтерде білдірілген. (Тирмизи)

Жаратылыстану (Физика, математика секілді) ғылымдары да бидғат емес. Тіпті ғылыми жетістіктерге жету дініміздің әмірі. «Ғылым Қытайда болса да алыңдар! Ғылым және өнер мұсылманның жоғалтқан мүлкі. Қайдан тапса алсын» хадис шәрифтері кәпірлерге ұқсауды емес ғылымды олардан болса да іздеп табуды әмір етуде. (Мәудуат-ул-улум)

Ғибадатта бидғат деп расулуллаһтың және төрт халифасының заманында болмай дінімізге кейіннен кірген, ойдан шығарылған сенімдерге, сөздерге, амалдарға және әдеттерге айтылады. Ғибадатқа бидғат араластыру үлкен күнә болады. Бидғатты сүннет деп орындау харам. Бұлардың барлығын дін деп, ғибадат деп дінге қосу немесе діндегі маңызды нәрселерді дінге қайшы нәрсе, дінде бұл нәрсе жоқ деп айту бидғат болып табылады. Бидғаттардың кейбіреулері күпір, кейбіреулері үлкен күнә болады. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Дін атына ойдан шығарылған барлық нәрсе бидғат болып табылады, барлық бидғаттар адасушылық, барлық адасушылық та жаһаннамға апарады». (Бұхари, Муслим, Ибни Мажә, Нәсаи)