Сұхбат... Палшылық, сиқыршылық деген не?
Сұрақ: Көріпкелдік, палшылық, сиқыршылық (дуалау) деген не? Мұндай нәрселерге сенудің үкімі қандай?
Жауап: Көріпкелдік – жынменен дос болып, одан сұрап білу және бұларды басқаларға айту деген сөз. Жын арқылы пал ашу және жұлдызнамаға қарап сұрағандарына жауап алу да осыған жатады. Бұларға және сиқыршыларға барып айтқандарына сену, айтқандары кейде дұрыс шықса да, Аллаһтан басқаның барлық нәрсені білетініне және қалаған нәрсесін істей алатынына сену күпір болады. (Хадиқа)
Хадис шәрифте былай делінген: «Ырымға сенген, көріпкелдікпен айналысқан, көріпкелге барған, сиқырмен айналысқан, сиқыр жасатқан және бұларға сенген адам бізден емес. Құран кәрімге сенбеген болады». (Бәззар)
Хазреті Ибн Әби Зәйд былай дейді: «Жынмен байланысқан дүмше тариқатшыға сену, адамды жыннан құтқарғанына сеніп оған ақы төлеу жаиз емес. Сиқырды (дуаны) қайтарған адамға да ақы төлеу жаиз емес.»
“Биргиуи өсиетнамасы” кітабында: «Кімде-кім “мен ұрланған, жоғалған нәрселерді білемін” десе, мұны айтқан адам да, бұған сенген адам да кәпір болады. Өйткені ғайыпты жын да білмейді. “Маған жын хабарлайды, сондықтан білемін” десе де кәпір болады. Өйткені жын да ғайыпты білмейді. Ғайыпты тек қана Аллаһу та'ала біледі» делінген.
Хазреті Ибн Абидин былай деген: «Сиқыр (дуалау) – ғылымға сәйкес келмейтін, жасырын себептер қолданып, әдеттен тыс нәрселерді жасауды талап ететін әрекеттер. Сиқырды үйрену және үйрету харам болып табылады. Мұсылмандарды зияннан қорғау мақсатымен үйрену де харам болады». (Рәддул-мухтар)