Ғибарт... Тәкаппарлық үлкен күнә
Тәкаппарлық – өзін басқалардан үстем, жоғары көру дегенді білдіреді. Ондайлардың өзін жоғары көру арқылы жүректері рахаттанады. «Ужб» та өзін жоғары деп білу деген сөз. Ужбта басқаларды ойламайды, тек өзін және ғибадаттарын жақсы көреді. Тәкаппарлық – жаман мінез, харам болып табылады. Жаратушысын, Раббысын ұмытудың белгісі. Көптеген дін адамдары, осы жаман ауруға шалдыққан. Хадис шәрифте: «Көңілінде (жүрегінде) түйірдей тәкаппарлығы болған адам жаннатқа кірмейді» делінді.
Ертеде бір жиында тәкаппар біреу, өзі жалғыз, баласы жоқ, кедей жарлы биді менсінбей, мұқатайын деп былай депті:
“Жалғыз құсап жалтақтамай,
Жарлы құсап жалбақтамай.
Құлақсыз құсап шұнтыңдамай,
Құйрықсыз құсап құнтыңдамай сөйле” – депті.
Сонда жарлы би:
“Жалғыз дегенің Құдайды мінегенің,
Жарлы десең Пайғамбары мінегенің.
Құлақсыз болсам сұңқар шығармын,
Құйрықсыз болсам тұлпар шығармын.
Құдайдың маған берейін десе баласы жоқ па?
Сенің балаңды алайын десе, бәлесі жоқ па?
Қой көп тапқанда егіз табады, ит болса сегіз, доңыз тоғыз табады.
Сонда да адал қойдың тұқымы көп.
Адалдық пен Әділдік тозбайды,
Арам тәкаппар ешқашан озбайды” – деп жауап берген екен.