Сұхбат... Бақара сүресі
Сұрақ: Бақара сүресінің маңызы қандай?
Жауап: Бұл сүреде Аллаһу та’аланың болмысы, құдіреті, ұлылығы, пайғамбарларға мойынсұнудың маңызы, бақара (сиыр) сою оқиғасы білдірілген. Сондықтан бұл сүре Бақара сүресі деп аталған. Бақара сөзі сүренің 67, 68, 69 және 71-ші аяттарында өткен. Сонымен қатар сүреде мыңдаған мәселелер, ақиқаттар айтылған. (Мәуахиби алийа)
Бақара сүресін оқу - өте құнды болып табылады. Бірнеше хадис шәрифте былай делінген:
«Бақара сүресін оқыған адамға жаннатта бір тәж кигізіледі». (Бәйһақи)
«Барлық нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы – Бақара сүресі. Түнде оқылатын болса үш түн, күндіз оқылатын болса үш күн ол үйге шайтан келе алмайды». (Әбу Йала, Табарани)
«Бақара сүресінің әр аятымен сексен періште түскен. “Аллаһу ла илаһа илла һуәл Хаййул қаййум” Аршы аланың қабатынан шығарылып жеткен». (И. Ахмед)
«Құран сүрелерінің абзалы – Бақара сүресі. Бақара сүресінің аяттарының ең үлкені – Аятәл күрси. Шайтан Бақара сүресі оқылғанын естіген үйден шығып кетеді». (Рамуз)
«Жындардың қанішерлеріне Бақара сүресіндегі мына екі аяттан қатты тиетін нәрсе жоқ. “Уә илаһукум илаһун уахидун”-нен басталатын екі аят». (Дәйләми)
«Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, намаз оқыңдар. Шайтан Бақара сүресі оқылған үйден қашады». (Мүслим)
«Сөздердің мырзасы – Құран, Құранның мырзасы – Бақара сүресі. Бақараның мырзасы – Аятәл күрси». (Дәйләми).