Қызықты мәлімет... Әлемдегі ең таза қала
HomeExchange басылымының нұсқасы бойынша, жер жүзіндегі ең таза 10 қала мыналар:
1. Копенгаген, Дания. Копенгаген — әлемдегі ең таза қала. Дания астанасында көліктерден гөрі, велосипедтер көп, қоғамдық көлігі аса ыңғайлы, әрі қоқысты қайта өңдеу мен басқару ісі жолға қойылған.
2. Сингапур. Бұл – қатал экологиялық заңдары мен тазалыққа мәдени құндылық ретінде қараудың арқасында адам танымастай өзгерді.
3. Калгари, Канада. Шаһардың таза ауасы мен қаланың керемет келбеті – әкімшілік пен тұрғындардың бірлескен жұмысының жемісі.
4. Хельсинки, Финляндия. Қаланың тиімді қоғамдық көлік жүйесі мен жасыл желегі шаһарды таза ұстап тұруға септігін тигізіп отыр.
5. Окленд, Жаңа Зеландия. Окленд — елдегі ең үлкен, әрі ең таза қала. Қалада баламалы қуат көздері кеңінен қолданылады.
6. Аделаида, Австралия. Бұл қалада қоқысты қайта өңдеу ісі мықтап қолға алынып, көптеген экологиялық бастама іске асырылған.
7. Токио, Жапония. Тұрғындар санына қарамастан, мегаполис өзінің мұнтаздай тазалығымен таңғалдырады.
8. Цюрих, Швейцария. Цюрих Батыс Еуропаның ең экологиялық таза қаласы атанған.
9. Осло, Норвегия. Ослода қоқысты энергетикалық қондырғылар қайта өңдеп, шаһарды жылу және энергиямен қамтамасыз етіп отыр. Қоғамдық көлігі тек қана биогазбен жүреді.
10. Гонолулу, Гавайи. Гонолулудың ауасы ерекше таза. Мұнда жағажайлар тазалығы мен экожүйелерді, табиғатты қорғауға баса назар аударылады.
massaget.kz