Untitled Document

Сұхбат... Дәретті болып жүрудің маңызы

Сұрақ: Дәретпен жүрудің маңызы қандай?

Жауап: Дәретті болып жүрудің маңызы үлкен. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дәретті болып жүрген адам, ораза ұстаған адам сияқты». (Дәйләми)

«Жақсылап алынған дәрет – иманның жартысы». (Ибн Хиббан)

«Дәрет алған адамның күнәлары, ағаш жапырақтары төгілгендей төгіледі». (Табарани)

«Жан алатын періште келген кезде дәретi бар адам шәһидтік мәртебесіне қауышады». (Табарани)

«Бір мүмин дәрет алу ниетімен бетін жуған кезде көзімен істеген күнәларының барлығы сумен бірге төгіледі. Қолдарын жуған кезде қолдарымен істеген күнәлары судың соңғы тамшысымен ағып кетеді. Аяқтарын жуған кезде аяқтарымен істеген күнәлары сумен бірге төгіледі. Осылайша бүкіл (кіші) күнәлардан тазаланған болады». (Мүслим)

Дәрет алған адамның бүкіл кіші күнәлары кешіріледі. Үлкен күнәлары, адам және жануар ақылары, өзіне немесе мирасқорларына өтелмегенше күнәлары кешірілмейді. Нәпіл ғибадаттың сауабына қауыша алу үшін иманда және парыздарда кемшілік жібермеу, харамдардан қашып, күнәларға тәубе ету және ол істі ғибадат ретінде орындауға ниет ету шарт. (И.Ахлақы)

Намаз оқығаннан кейін қайтадан дәрет алу сауап. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дәреті бар болса да қайтадан дәрет алған адамға он сауап беріледі». (Ибн Мажа)

«Дәрет үстіне дәрет – нұр үстіне нұр». (И.Ғазали)

 «Дәретін жаңартқан адамның иманы жаңарған (нұрланған) болады». (И.Ғазали)

«Аллаһу та’ала былай деген: Дәрет бұзылған кезде дәрет алмаған адам маған жапа шектiредi. Дәрет алып болғаннан кейін екі рәкат намаз оқымаған адам да маған жапа шектiрген болады. Екі рәкат намаз оқып, менен қажеттілігін сұрамаса да маған жапа шектiрген болады. Дәрет алып, екі рәкат намаз оқығаннан кейін дұға еткен адамның дұғасын қабыл етпесем мен  де оған жапа шектiрген боламын. Алайда мен ешкімге жапа шектiрмеймiн». (Шира)