Ғұлама... Ариф Ривагари
Ариф Ривагари (рахметтуллаһи алейһ) «сілсілә-и алия» деп аталатын ғұламалар шежіресінің оныншысы, Бұхарадан 30 шақырым жердегі Ривагар ауылында дүниеге келген. 1315 жылы (х.715) қатыс болған. Қабірі Ривагарда. Ариф Ривагари хазреттің даналық сөздері:
● Аз сөйле. Сөздің жамандығынан Аллаһу та’алаға сиын. Өйткені бәле ауыздан шыққан сөзге жақын болады.
● Адамдармен жақсы мәміле ету ақылдың жартысы. Сұрақты дұрыс сұрау ғылымның жартысы.
● Тұрмыста асыра сілтеп жаратпай, үнемдеу, тұрмыс таршылығынан құтылуға себеп болады.
● Сахабаларға құрмет етпейтін адам Мұхаммед алейһиссаламға иман келтірмеген болады.
● Жақсы көрші болу дегеніміз - көршіге жәбір көрсетпеу және зияныңды тигізбеумен ғана шектелмейді, сонымен қатар көршінің жәбіріне төзу, сабыр ету деген сөз.
● Мына үш адамнан ұзақ тұрыңдар: Тәкаппар дін адамы, байларға жалтақтайтын хафыздан және діннен сауаты жоқ тариқатшыдан.
● Ең үлкен күнәлардың бірі адамдарды мазақ, келеке ету.
● Мына үш нәрсе барда ғаріп болмассың: көркем мінез, шүбһәдан сақтану және зәбірден ұзақ тұру.
● Сендерге дініңді үйреткен ата-аналарың сендерден разы болмайынша, Аллаһу та’аланың сүйікті құлы бола алмайсыңдар. Ихсанға қауышудың себебі ата-ананың дұғасы болып табылады.