Untitled Document

Мазһаб имамы

Мазһаб имамы дегеніміз – Құран кәрім және хадис шәрифтерде нақты білдірілген діни мәліметтерді сахабалардан естіп жинаған, кітапқа түсірген үлкен ғұлама деген сөз. Мазһаб имамдары нақты білдірілмеген мәліметтерді де анық білдірілгендерімен салыстырып жарыққа шығарған ғалымдар. Сахабалардың барлығы мүжтәһид және мазһаб имамы болған.

Хадис шәрифтер Құран кәрімді, ал мазһаб имамдары сүннетті ашықтаған, түсініктеме берген. Ғалымдар мазһаб имамдарының сөздерін ашықтаған.

Хадис шәрифтер болмағанда, намаздардың қанша рәкат екені, қалай оқылатыны, руку мен сәждеде оқылатын тасбихтер, жаназа және айт намаздарының оқылуы, зекет мөлшері, оразаның және қажылықтың парыздары, құқық ғылымдары біліне алмайтын еді. Яғни ешбір ғалым бұларды Құран кәрімнен тауып шығара алмайтын еді. Бұларды пайғамбарымыз алейһиссалам ашықтаған. Ал сүннеттерді мүжтәһид ғалымдар ашықтаған және осылайша мазһабтар пайда болған. Пайғамбарымыз осы имамдарға мойынсұну керектігін былайша әмір етуде:

«Құран кәрімге мойынсұну барлығыңа парыз. Оны тәрк етуге ешқандай үзір (себеп) жоқ. Құран кәрімде таба алмаған амалдарда менің сүннетіме мойынсұныңдар.

үннетімде де таба алмасаңдар сахабаларымның сөздеріне бағыныңдар!»

«Ғалымдарға мойынсұныңдар!»

«Ғалымдар – жол көрсетушілер.»

Пайғамбарымыздың жолы – Құран кәрім, хадис шәрифтер және мүжтаһидтердің ижтиһадтарымен көрсетілген жол. Дұрыс болған Әһли сүннет мазһабының төрт ұлы имамы мына ғалымдар:

  1. Имам Ағзам Әбу Ханифа
  2. Имам Малик бин Әнас
  3. Имам Мұхаммед Шафии
  4. Имам Ахмед бин Ханбал.