Untitled Document

Пайдалы кеңестер

  • Басқаларға көрсетілетін әдептілікті, сыпайылықты үй ішіндегілерден де аямау керек.
  • Есінегенде ауызды сол қолдың сыртымен жабу керек.
  • «Бұл былай болады» деудің орнына «Былай жасасақ қалай болады?» деу керек.
  • Барлық жерде қарттарға, ауруларға және әйел затына орын беру керек.
  • Тіс тазартқыш (зубочистка) қолданғанда сол қолымен ауызды жабу керек.
  • Жаңылысып, қателік жасалуы мүмкін, бірақ жаңылысқанда сол қатеде табан тіреп тұрып алмау керек.
  • Қалжыңдасудың да шегін ұмытпау керек.
  • Өзгенің телефонын және басқа да заттарын рұқсатсыз қолдануға болмайды.
  • Қонаққа барғанда сыйлықпен баруға тырысу керек.
  • Ең маңызды екі сөз, «Жарайды» және «Кешірім өтінемін».
  • Қарыз болу адамның қадірін кетіреді.
  • Әрдайым күлімдеп жүрген адам ешнәрсе жоғалтпайды, керісінше көп пайдасын көреді.
  • Шақырылған жерге бару керек, бара алмаған жағдайда кешірім сұралады.
  • Екі кісі сөйлесіп тұрғанда арасына килігуге болмайды.

Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран Кәримнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.