Ең кедей 10 мемлекет
Ең кедей 10 мемлекет
Эфиопия: Адам басына келетін ұлттық табыс 700 доллар. Құрғақшылықпен қоса бағалардың 175 пайызға өсуі азық кризисіне себеп болды.
Нигерия: Адам басына келетін ұлттық табыс 700 доллар. Бес жасқа толмаған балалардың өлім себебінің 50 пайызы безгек ауруынан. Құрғақшылық себебінен топырақтан жеткілікті өнім алынбайды.
Орталық Африка Мемлекеті: Адам басына түсетін ұлттық табыс 700 доллар. Өкімет пен көтерілісшілердің арасында дау-жанжалдың артуы себебімен ауылдарын тастап кеткен халық, ормандарда өмір сүруде. Сондықтан жүздеген бала мектепке бара алмай білімсіз қалуда.
Гвинея-Бисау: Адам басына келетін ұлттық табыс 600 доллар. Әр 10 адамның біреуі СПИД кеселіне шалдыққандығы бұл мемлекеттегі үлкен проблемалардың бірі.
Қамар аралдары: Адам басына түсетін ұлттық табыс 600 доллар. 5-6 жастағы балалардың 42 пайызы созылмалы әлсіздікті (хронический астения) басынан өткеруде.
Сомали: Адам басына келетін ұлттық табыс 600 доллар. Соңғы жылдарда ең қатаң, адам шошынарлық кризисті басынан өткізуде. Жетерлі мөлшерде азық, таза су және дәрі-дәрмек табу күннен күнге қиындап барады.
Соломон аралдары: Адам басына түсетін ұлттық табыс 600 доллар. Халқы созылмалы ашаршылық және кедейлікпен бетпе-бет қалуда.
Зимбабве: Адам басына келетін ұлттық табыс 500 доллар. Қатаң саясат, ішкі соғыс пен кедейлік ауқымды көрініс табуда.
Либерия: Сыртқы қарыздары ұлттық табыстан да көп. Өте кедей мемлекет.
Конго: Адам басына түсетін ұлттық табыс 300 доллар. Соғыстың екпіні әлі сезілуде. Орталама өмір жасы 43 жас. Безгек ауруына қарсы күресуде.