Бала үшін қауіпті жәйттар
- Балалар айналасындағы заттарға шамадан тыс қызығушылық танытады, әуесқой болады.
- Қол және дене икемі аз.
- Үйрену жолдарының бірі – тапқан, ұстағандарын ауыздарына салып көру.
- Тұрмыстық техникалардың сымдары (кабель), розеткалар, су шүмектері – олардың ең қатты қызығатын нәрселері.
- Уақыттарының көбі айналасын шұқылап, қазбалаумен және үйренуге тырысумен өтеді.
- Сөйлеуді үйренген кезде, сұрақ қоюды да үйреніп алады. Бірақ, тұжырымдау және шешім қабылдау қабілеттері әлі жоқ.
- Кішкентай тесіктерге шеге, түйреуіш, сымдар, сіріңке шиы сияқты заттарды тығып қоюды жақсы көреді.
- Жүре бастаған кездерінде ең қауіпті болған баспалдақ, балкон, терезе сияқты жерлерге өте оңай жете алады.
- Дене бітімдері ересектерге қарағанда өзгеше.
- Раковинаның асты сияқты төменде тұрған шкафтағы химиялық тазалағыштарға оңай қол жеткізе алады және ішіп қоя алады.
- Түсіну қабілеттері шектеулі болғандықтан, ыстық заттардың өздеріне зиян беріп бермейтінін түсінбейді.
- Ауыр заттарды (орындық, үстел, үтіктеу тақтасы және т.б.) құлатып, астында қалулары мүмкін.
Ақылдың үстемдігі
Құрылыста істейтін бір жас жігіт күшінің көптігімен және өзінің зеректігімен мақтанып, кез келген адамды сайыста артта қалдыратынын айтып қоймайды. Күнде өзінің осы үстемдіктерін айтып қасындағы әріптестерінің мазасын қашырады. Тағы бірде осылай тәкаппарлығын паш ете бастағанында әріптестерінен бір қарт кісі шыдай алмай: «Жарайды, мен сенімен сайысқа түсемін, бірақ жеңілсең бір апталық айлығыңды маған бересің. Мен мына алдымыздағы ғимаратқа дейін арбаға салып сондай бір затты апарамын, сен оны сол арбаға салып қайтадан осы жерге әкеле алмайсың, келісесің бе?» дейді. «Жарайды ата, келісемін» деп жауаптайды жас жігіт. Қарт кісі арба әкеледі де әлгі жігітке айтады: «Қане, кел мін арбаға!..»