Untitled Document

Уақытты бос өткізбеу керек

Адам, дүниеге ойын-сауық және рахаттық үшін келген жоқ. Дүние – еңбек ету және табыс табу мекені. Дүние – ақыреттің егістігі. Бұл жерде не егілсе, ақыретте соның жемісі алынады. Бос уақыт – жақсы мүмкіндік және олжа. Пайдалы іс істемей уақытты бос өткізу – уақытты өлтіру деген сөз. Дүниеде жасалған әр істің, әр демнің есебі қияметте сұралады.

Хадис шәрифте айтылғанындай: «Қиямет күні барлық адам өмірін және жастық шағын қай жерлерде өткізгені үшін, ақшаны қайдан тауып қайда жұмсағаны үшін және үйренген ілімімен амал етіп етпегені үшін есепке тартылады.» (Тирмизи)

Өмір, білім, мал-мүлік және дене – Аллаһу та’аланың құлдарына берген капиталы. Бұл капиталды Аллаһу та’аланың білдірген жерлеріне жұмсау (қолдану) керек. Уақыт өтіп кеткеннен кейін өкінудің пайдасы болмайды. Сондықтан жастық шақтың, мал-мүліктің, денсаулықтың қадірін білу керек, дүниеде ақырет үшін пайдалы істер жасау керек.

Хадис шәрифте былай дедінді: «Бес нәрсе келмей тұрып бес нәрсенiң қадiрiн бiлiңдер: өлместен бұрын өмiрдiң қадiрiн, ауырмай тұрып денсаулықтың қадiрiн, дүниеде ақiретті жақсартудың қадiрiн, қартаймай тұрып жастық шақтың қадiрiн, кедейліктен  бұрын байлықтың қадiрiн біліңдер.» (Әбу Нуайм)

Білесіз бе

  • Әйелдің бір жүкітілікте ең көп 6 нәресте дүниеге әкелгені тіркелген.
  • Бүгінге дейінгі өмір сүрген ең ауыр адам 635 кило болып, 1983 ж өлген Вашингтондық Джон Бровер Минноч болған.
  • Бір адамда орталама 80 триллион жасуша болады. Егер бұл жасушалардағы хромосомаларды жасушадан шығарып бәрін ұшпа-ұш жалғайтын болса, 136 миллиард километр ұзындығында болар еді.
  • Миымызда шамамен 100 миллиард жүйке жасушасы болады. 18 жастан кейін күнде бұл мөлшерден мыңын жоғалтамыз.