Untitled Document

Бақытты болу үшін

Адамның дүниеде де, ақыретте де бақытты болуы үшін, мұсылман болуы керек. Дүниеде бақытты болу – рахат өмір сүру деген сөз. Ақыретте бақытты болу – жәннәтқа кіру деген сөз. Аллаһу та’ала құлдарына мейірім еткені үшін бақытты болу жолын, құлдарына пайғамбарлары арқылы білдірді. Өйткені адамдар бұл бақыт жолын өз ақылдарымен таба алмайды.

айғамбарлардың (алейһимуссалам) бәрі Аллаһу та’аланың білдірген нәрселелерін ғана айтқан. Пайғамбарлар білдірген бақыт жолы “дін” деп аталады. Мухаммед алейһиссалам білдірген дінге Ислам делінеді. Адам алейһиссаламнан бері мыңдаған пайғамбарлар келген. Пайғамбарлардың ең соңғысы – Мұхаммед алейһиссалам. Басқа пайғамбарлардың білдірген діндері уақыт өтумен бұзылған. Ендігі бақытқа қауышу үшін Ислам дінін үйренуден басқа жол жоқ.

Сіз білесіз бе?

• Құмырсқа су астында 14 күн өмір сүре алады.
• Өсімдіктер фотосинтез процессін жасауды бір сағатқа тоқтатса, дүниедегі бүкіл жандылар өледі.
• Ұлудың 4 мұрны бар.
• Секундтың жүзден біріндей уақытта 100 км жылдамдыққа жететін бүрге, оқтан да жылдам.
• Аюлар қыс ұйқысында салмақтарының 25% жоғалтады.
• Бір мұз қалыбының ішінде үш апта көлемінде мұздалған шаян, мұз ерітілгенінде еш нәрсе болмағандай жүріп қалыпты жағдайын жалғастырған.
• Құстар ұяларында кейде демалады, бірақ басқа жерлерде ұйықтайды.
• Түйеқұс – аяғында екі саусағы болған жалғыз құс.
• Мегапод құсы күрікке жатпайтын құстың жалғыз түрі.
• Түйелер 15 минут ішінде 200 литр су іше алады.