Untitled Document

Өз шегін білу

Әдеп – ілімнің басы болғанындай, ортасы да, соңы да әдепке тіреледі. Әдеп – өз орнын білу, шектен аспау деген сөз. Жанұяда, қоғамда әркімнің өз шекарасы бар. Бүкіл қиыншылық және түсініспеушіліктер осы шектен шығудан туындайды. Әркім өз шекарасын біліп, шектен шықпаса, мысалы үйдегі әйел де, еркек те өз шегін біліп, сол бойынша әрекет етсе, ол үй жәннаттай болады. Жәннат сияқты үйден ақыретке көшкендер де әлбетте жәннатқа кіреді. Барлық мәселеде дініміз не әмір етсе соны үйреніп, сол бойынша әрекет еткен адам, шекарасын білген болады, шектен шықпаған болады. Сонда ешқандай талас-тартыс, ешқандай сыйыспаушылық, ешқандай да соғыс болмайды. Дүние гүлденіп көркейген болады. Әр адамның шекарасын дініміз білдірген. Ешкімнің шекарасына қол сұқпау керек, басып өтпеу керек. Нәтижеде қарсымыздағы да бір адам, ол да Аллаһтың бір құлы, көңілін ренжітпейік. Сүйікті пайғамбарымыз былай деген:

«Махшар алаңында, күн бір найзаның бойындай төмендегенде, жеті түрлі адам, Арштың астындағы көлеңкеде болады. Олардың бірі – мүминнің жүзіне сүйіспеншілікпен, махаббатпен қарағандар.»

êêê êêê êêê
Күн Суқұйғыш шоқжұлдызында

Бүгін 20-қаңтар. Күн Суқұйғыш шоқжұлдызына кіріп, қыстың екінші айы басталды. Күн бұл бұрышта 30 күн болады және ақпанның 19-күні Балық шоқжұлдызына кіреді.

Соңғы жылдардағы ғылыми және технологиялық жетістіктерге қарамастан қазір де адамдардың көпшілігі шоқжұлдыздарға қарап бал ашу сияқты қате сенімдерге сенеді. Өкінішке орай, газеттердің ең көп оқылатын айдарлары шоқжұлдыз және бал ашу айдарлары екені рас. Бұл қате сенімдер тек батыста ғана емес, бізде де кең таралған. Технологиясы шарықтаған АҚШ-та да кәсіпке айналған.

Тағдырға сенетін, ғайып пен болашақты тек Аллаһу та’аланың білетініне сенетін мұсылман адам мұндай қате сенімдерден аулақ болады.

Ескерту: Шоқжұлдыздардың бар екендігі ғылыми шындық. алайда Шоқжұлдыздарға қарап, бал ашу және оған сену қате нәрсе.